Техникалық реттеу және метрология комитеті Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының бас сарапшысы , С-4 санаты (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
Астана қаласы
241078
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Ветеринария
- Математика
- Информатика
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Экономика
- Есеп және аудит
- Статистика
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
- Қаржы
Қосымша талаптар
- Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттердің болуы.
- Осы санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі.
- Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік және бюджеттік кодекстерін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексін және «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті», «Техникалық реттеу туралы», «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
- Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Функционалды міндеттер
Мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және орындау:
1) Комитет қызметінің процестерін, Комитеттің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының ақпараттық архитектурасын цифрландыру;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру арқылы жүзеге асырылады;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту шеңберінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау;
4) Комитеттің ақпараттық жүйелерін енгізу және сүйемелдеу;
5) Қазақстан Республикасында техникалық реттеу, сәйкестікті бағалау, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік қызметтер көрсету және рұқсат құжаттарын беру.
6) Мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру және рұқсат беру құжаттарын беру;
7) көрсетілген мемлекеттік қызметтер мен рұқсат беру құжаттарының мониторингі;
8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру бөлігінде «Е-лицензиялау «Мемлекеттік Деректер қоры» ақпараттық жүйесі бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын техникалық талаптардың ерекшеліктерін әзірлеу;
9) мемлекеттік қызметтер көрсету және рұқсат құжаттарын беру мәселелері жөніндегі комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.kadrymti@mti.gov.kz
- 21.06.2023
- Мәңгілік ел 8 даңғылы, 1 кіреберіс (онлайн-ZOOM)
-
8(7172)74-91-38