Техникалық реттеу және метрология комитетінің Техникалық реттеу және халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы, С–4 санаты (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
Астана қаласы
241078
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Ветеринария
- Физика
- Информатика
- Химия
- Биология
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Экономика
- Механика
- Экология
- Биотехнология
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Мұнай газ ісі
- Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
- Машина жасау
- Аспап жасау
- Техникалық физика
- Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
- Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Құрылыс
Қосымша талаптар
- Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттердің болуы.
- Осы санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі.
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс, «Кәсіпкерлік және Бюджет кодекстерін», Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы», «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
- Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамытудың басым бағыттарын қалыптастыруға қатысу:
- Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қарау;
- Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақ деңгейінде техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу және келісу;
- Еуразиялық экономикалық одақ деңгейінде қабылданатын құжаттар жобалары, шешімдер бойынша ұстанымды қалыптастыруға қатысу және қарау;
- Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одақтың консультативтік-кеңесші органдарына қатысуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру (кіші комитеттер, сараптамалық және салалық жұмыс топтары және т.б.), оның ішінде оларға қатысу.
Басқарманың құзыреті шегінде экономикалық жоспарлау, бюджеттік қаражаттарды негіздеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатысу. Нормативтік құқықтық актілерді, Комитет басшылығының тапсырмалары мен тапсырмаларын уақтылы орындауды, құжаттардың жобалары, Еуразиялық экономикалық одақ деңгейінде қабылданатын шешімдер бойынша ұстанымдарды қалыптастыруды қамтамасыз ету. Халықаралық ұйымдарда, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру;
- ТБТ/ СФС шаралары жөніндегі ақпараттық орталықтың халықаралық ұйымдардың кеңестері мен отырыстарына қатысуын үйлестіру;
- қабылданған халықаралық шарттардың нәтижелілігін түгендеу мен талдауды жүзеге асыру, оларды қайта қарау, өзектілендіру, күшін жою жөнінде ұсыныстар енгізу, сондай-ақ олардың орындалуына мониторингті және бақылауды жүзеге асыру;
- Комитеттің мемлекеттік саясатын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 005 «Шетелдік іссапарлар» бюджеттік бағдарламалары шеңберінде Шетелдік іссапарлар бойынша және 006 «Өкілдік шығындар» бағдарламасы бойынша халықаралық іс-шаралар өткізу бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.kadrymti@mti.gov.kz
- 21.06.2023
- Мәңгілік ел 8 даңғылы, 1 кіреберіс (онлайн-ZOOM)
-
8(7172)74-91-38