Сыртқы сауда қызметі департаменті Тарифтік емес реттеу басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
Астана қаласы
241078
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Кеден ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндетіні орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Мүмкіндігінше ағылшын тілін білу.
Функционалды міндеттер
Тарифтік емес реттеу саласында сыртқы сауданы дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу бойынша ұсыныстар әзірлеу. Тарифтік емес реттеу шараларын қолдану бойынша сыртқы сауда саясатын талдау. Тарифтік емес шараларды қолдану саласында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және халықаралық келісімдерді әзірлеуге қатысу. «Doing Business» дүниежүзілік банкінің және Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі халықаралық рейтингтерінде Қазақстан Республикасының ұстанымдарын жақсарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.kadrymti@mti.gov.kz
- 21.06.2023
- Мәңгілік ел 8 даңғылы, 1 кіреберіс (онлайн-ZOOM)
-
8(7172)74-91-38