Экспортты ілгерілету департаменті Өңіраралық экспортты дамыту басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
Астана қаласы
241078
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Химия
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Металлургия
- Машина жасау
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Көлік құрылысы
- Қаржы
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер.
Функционалды міндеттер
Экспортты өңірлік дамыту жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және қарауға қатысу. Министрліктің басшылығына қажетті ақпаратты және басқа материалдармен қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасындағы өңірлік экспортты дамыту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Департамент басшылығына экспорттық қызметті дамыту және ілгерілету және өңірлер бөлінісінде экспортты дамыту үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу. Қазақстан Республикасының өңірлерінде шикізаттық емес экспорт көрсеткіштерінің мониторингін және талдауын қамтамасыз ету. Өңірлер бөлінісінде шикізаттық емес экспорт бойынша индикаторларды мониторингілеу және талдау бойынша жұмысты жүзеге асыру. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, өзге де мемлекеттік органдармен, Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарымен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Министрлік басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министрдің, Үкіметтің тапсырмаларын, сондай-ақ Басқарма құзыретіне кіретін экспортты ілгерілету мәселелері бойынша департамент басшылығының жазбаша және ауызша тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.kadrymti@mti.gov.kz
- 21.06.2023
- Мәңгілік ел 8 даңғылы, 1 кіреберіс (онлайн-ZOOM)
-
8(7172)74-91-38