Сауда комитеті Бағаларды мониторингілеу және талдау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

241078

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Информатика
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Техникалық физика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

  1. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттердің болуы.
  2. Осы санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі.
  3. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік және бюджеттік кодекстерін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін және «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті», «Сауда қызметін реттеу туралы», «Ішкі сауда қағидалары» «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Функционалды міндеттер

Сауда қызметі саласында мониторингті және талдауды жүзеге асыру; Азық-түлік тауарлары бағаларына мониторинг жүргізу; әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін айқындау мақсатында макроэкономикалық талдау жүргізу; әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеу тәртібін әзірлеу; сауда қызметін дамыту бойынша, оның ішінде ішкі сауда бөлігінде ұсыныстар әзірлеуге қатысу; басқарманың функцияларына жататын мәселелер бойынша құжаттар мен талдамалық материалдарды дайындау; басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша талдамалық материалдарды дайындау; басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 11.05.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.05.2023 – 16.05.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 27 МБ

Сұхбаттасу күні

19.05.2023

Сұхбаттасу орны

Мәңгілік ел 8 даңғылы, 1 кіреберіс (онлайн-ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)74-91-38