Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Қаржы және әкімшілік жұмыс департаменті Активтер басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

212061

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. «Акционерлік қоғамдар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және мемлекеттік мүлік саласындағы қатынастарды реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерін білу.

Функционалды міндеттер

Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдардың стратегияларын, даму жоспарлары қарау және бағалау. Ведостволық бағынысты ұйымдардың қызметі тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу. Ведостволық бағынысты ұйымдардың Директорлар кеңесі (байқау кеңесі) отырыстарының күн тәртібі мәселелері бойынша  материалдарын қарастыру және олар бойынша қорытындылар әзірлеу. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) мемлекеттік кәсіпорынның басқару ораганы, жалғыз акционері (қатысушы) ретінде Министрлік шешімдерінің жобаларын әзірлеу. Ведомстволық бағанысты ұйымдарды құру, қайта құру немесе сенімгерлік басқаруға беру бойынша іс-шараларлы өткізу. Басқарма құзіретті шеңберінде мемлекеттік меншікті құқықтық реттеу бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қарастыру. Департамент басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 02.12.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.12.2022 – 07.12.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 27 МБ

Сұхбаттасу күні

12.12.2022

Сұхбаттасу орны

онлайн

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)74-91-38