Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Қаржы және әкімшілік жұмыс департаменті Әкімшілік жұмыс басқармасының басшысы, С-3 санаты (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

285201

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер.

Функционалды міндеттер

Басқарма қызметіне жалпы басшылық жасау; Ғимаратта өткізу режимінің ұйымдастырушылық мәселелерін қарауды жүзеге асырады. Министрлікті тауарлық-материалдық құндылықтармен, телефон байланысымен қамтамасыз етуді жүзеге асырады.  Министрліктің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қатысады. Министрліктің қызметін қамтамасыз етуге арналған тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алулар жүргізуге қатысу. Министрліктің іс-шараларын өткізуге байланысты ұйымдастыру жұмыстарын атқарады. Министрліктің қоғамдық жұмыстарға қатысуын ұйымдастырады. Тек басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық ерекшелікті құрастыруды және шартқа ұсыныс енгізуді қамтамасыз ету. Ғимараттың меншік иелерімен ғимараттың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өзге де уәкілетті органдармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Басқарманың құзыреті шеңберінде тауарлары, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қабылдау фактісін растайтын құжаттарды қабылдауды және бұрыштама қоюды жүзеге асырады. Министрліктің қызметкерлерін көлікпен қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Тауарлық-материалдық құндылықтарды есептен шығару және түгендеуге қатысады. Министрлік теңгеріміндегі Департаменттің есебіндегі тауарлық-материалдық құндылықтарды есепке алуды жүргізу және сақталуын қамтамасыз етеді. Министрліктің құрылымыдық бөлімшелерді орналастыру мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 02.12.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.12.2022 – 07.12.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 27МВ

Сұхбаттасу күні

12.12.2022

Сұхбаттасу орны

онлайн

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)74-91-38