ТҚҚК тоқтатылған рейстер бойынша 55,2 млн. теңге қайтаруға көмектесті

ТҚҚК тоқтатылған рейстер бойынша 55,2 млн. теңге қайтаруға көмектесті

ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің (ТҚҚК) тоқтатылған әуерейстер үшін тұтынушыларға ақшалай қаражатты қайтару бойынша жұмысы жалғасуда.

ТҚҚК-не  барлығы 409 тұтынушы өтініш білдірді, жалпы сомасы 55,2 млн теңгеге 847 билет сатып алынған.  

847 әуебилеттің 280-і халықаралық рейстерге сатып алынған, қалған билеттер ішкі рейстерге.

Ең танымал халықаралық бағыттар: Франкфурт, Лондон, Дели, Дубай, Анталья, Прага, Ытамбұл, Тегеран, Токио, Сеул, Бангкок, Лас-Вегас, Краснодар, Москва, Сочи, Санкт-Петербург, Новосибирск, Батуми, Тбилиси, Астрахань, Киев, Екатеринбург, Душанбе, Бішкек болып табылады.

Бүгінгі күні ТҚҚК-не өтініш білдіргендердің тоқтатылған әуерейстері үшін жартысынан көбіне өз қаражаттары қайтарылды. Осы бағытта байланысты жұмыстар жалғасуда, ТҚҚК-ке жүгінген әрбір құқығы бұзылған тұтынушыға жәрдем көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, ТҚҚК-і «Бек Эйр» АҚ-на қатысты 3-ші талап арыз бойынша 212 билет сатып алған 108 азаматтың атынан  жалпы сомасы 7,6 млн. теңгеге, Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының қарауында жатыр.

Алғашқы сот отырысы 2020 жылдың 11 қыркүйегінде өтті. Келесі сот отырысы 2020 жылдың 29 қыркүйегіне тағайындалды.

Сонымен қатар, 2020 жылғы 18 қыркүйекте Алматы қалалық сотында азаматтық істер бойынша апелляциялық сот алқасында ТҚҚК бірінші талап арызы бойынша 2020 жылғы 17 маусымдағы «Бек Эйр» АҚ апеляциялық шағымы жөніндегі соттың шешіміне бірінші отырысы өтеді.

Сондай ақ,  «Бек Эйр» АҚ-ға ТҚҚК-нің екінші талап арызы бойынша  Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының 24 шілдедегі шешіміне аппеляциялық шағым берді.

 

Тұтынушыларға кеңес беру үшін ТҚҚК байланыстары: +7 (7172) 75-16-32, 74-98-32, 74-98-36, +7 702-214-08-19,+7 705-110-07-57, +7 747-287-77-71, +7 705-595-59-18


БАҚ мәселелері бойынша байланыс: +7 775 888 60 13, press.kzpp@gmail.com


Telegram: @kzpp_bot
Instagram: kzpp_rk

 
Ресми сайты: https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-kzpp?lang=kk

                                                                                                                     

 

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің

Баспасөз қызметі

Эл.пошта: mti_press@mail.ru