
Сыртқы сауда қызметіне тартылған жеке және мемлекеттік ұйымдар қатысқан іс-шара қажетті векторларды талқылауға және экспортты дамыту мен ілгерілетудің тәсілдерін анықтауға мүмкіндік берді.
Орталық Азиядағы сауда бойынша USAID бағдарламасы өңірдегі сауда саласындағы өзара іс-қимылды жақсартуға және ОАӨ елдерінің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Оның ішінде кедендік және шекаралық бақылау рәсімдерін үйлестіру, сауда және инвестициялар мәселелерінде мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы әріптестікті нығайту, коммерциялық кәсіпорындар арасындағы трансшекаралық өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ сауда саласындағы гендерлік мәселелерді шешу жолымен жүзеге асырылады.
Бағдарлама, сондай-ақ, сертификаттау, маркетинг, қаржы, көлік-логистика және тауарларды экспорттауға қажетті басқа да қызметтер сияқты сауданы ілгерілету жөніндегі қызметтерді жеткізушілердің экожүйесін дамытуды ынталандыруды көздейді. Бұл Орталық Азия кәсіпорындарының тауарлардың құны мен сапасына қатысты сатып алушылардың талаптарын сақтау бойынша әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.
Экспорттаушыларды қолдаудың бірыңғай операторы «QazTrade» АҚ Орталық Азиядағы сауда бойынша USAID бағдарламасының Қазақстандық серіктесі болып табылады