Жанель Кушукова Израильдің Қазақстандағы Елшісі Лиат Вексельманмен кездесті

Жанель Кушукова Израильдің Қазақстандағы Елшісі Лиат Вексельманмен кездесті

А.ж. 2 наурызда Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция Вице-Министрі Жанель Кушукова Израиль Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Лиат Вексельманмен бейнеконференция форматында кездесті.

Израиль Елшісі Қазақстанды Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығының басталуымен құттықтап, еліміздің өңірдегі және әлемдік аренадағы ынтымақтастықты нығайтудағы маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан мен Израиль арасында тарихи достық қарым-қатынас қалыптасқан, сондай-ақ ынтымақтастықты, атап айтқанда, сауда саласындағы ынтымақтастықты дамытудың елеулі әлеуеті бар», - деп атап өтті Вице-Министр Жанель Кушукова.

Кездесу барысында елдер арасындағы сауда ынтымақтастығы мәселелері, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Израиль Мемлекеті арасында Еркін сауда туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөздер процесінің барысы талқыланды.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Израиль Мемлекеті арасында Еркін сауда туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөздер 2016 жылы басталды. Қазіргі уақытта келіссөздердің 6 раунды өткізілді және келісімнің жекелеген бөлімдерін келісуде елеулі прогреске қол жеткізілді.