А. Шакқалиевтің Скопье қаласына сапары

Жарияланған күні: 23 сәуір 2026
А. Шакқалиевтің Скопье қаласына сапары

Скопье

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында, атап айтқанда 2025 жылғы мамырда Astana International Forum 2025 алаңында Қазақстан Республикасы Президенті мен Солтүстік Македония Республикасы Президенті арасында өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша, ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Скопье қаласына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында Солтүстік Македония Республикасының Президенті Г. Силяновска-Давкова Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі А. Шаққалиевті қабылдады. Кездесу барысында Президентке сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуы және оны кеңейту перспективалары туралы ақпарат ұсынылды.