Цены на продукты питания

Дата публикации: 26 октября 2021

Спикер Министерства торговли и интеграции РК 

главный эксперт Управления по связям с общественностью 

Альмуханова Айнур 

 

 

1) Бағаның өсу себебі?

 

ЖАУАП: Соңғы 2-3 жылда біз бүкіл әлемде азық-түлік бағасының қарқынды өсуін байқап отырмыз.

Бүкіл әлем әлі күнге дейін объективті –  климаттық себептерден туындаған теріс үрдістердің әсерінде қалып отыр.

Мысалы, біз мұның бәрін күнбағыс майынан байқадық.

ФАО деректері бойынша әлемдік бағалар жылдық мәнде (2020 жылғы қыркүйектен 2021 жылғы қыркүйекке дейін)                33%-ке өсті. Мысалы, 60%-ке өсімдік майлары, 53,5%-ке қант, 27,3%-ке астық, 15,2%-ке сүт өнімдерінің бағасы өсті.

Азық-түлік инфляциясының өсуі көрші елдерде де байқалады.

Мәселен, Ресейдегі азық – түлік инфляциясы жылдық мәнде қыркүйек айының қорытындысы бойынша - 9,2%-ті, ал Өзбекстанда биылғы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жылдық мәнде – 14,5%-ті құрады.

Қазақстан – әлемдік экономиканың бір бөлігі және азық-түлік тауарларына бағалар ауытқуын болдырмау мүмкін емес.

 

2) Оны тоқтату немесе тұрақтандыру мүмкін бе?

ЖАУАП: Баға өсімін тоқтату үшін 9 қыркүйекте Үкімет отырысында Инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешені мақұлданды.

Ол азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру бойынша 42 жедел және жүйелі шараларды қамтиды.

Негізгі жедел шаралар:− шекті бағаларды белгілеу (14 өңірде енгізілді, олардың               6-ы қолданыста);− «айналым схемасына» қосымша қаржыландыру бөлу (жыл басынан қосымша 23,2 млрд. теңге бөлінді);−  тұрақтандыру қорларының тауарлық интервенциялары (31,2 мың тонна қалыптасты және 28,1 мың тонна келісімшарт жасалды);− монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау               (68 хабарлама жолданды және 108 монополияға қарсы копмлаенс жасалды).Бағалық мониторинг тұрақты түрде жүргізіледі. Апта сайын Премьер-Министрдің төрағалығымен Цифрлық үкімет кеңсесінде ағымдағы жағдай және бағаның одан әрі өзгеруінің болжамдары талқыланады, оның барысында әрбір тауар мен өңір бойынша уақтылы және жедел ден қою шараларын қабылдау үшін ұсыныстар әзірленеді.

Осылайша, инфляцияны тежеу мәселесі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жеке бақылауында.

 

3) Қымбатшылық (азық-түлікке ғана қатысты емес) туралы айтқанда көп кезде арадағы делдалдардың (дистрибьюторлар/дилерлер) кесірі бары айтылады. Келісуге бола ма? 4) Жалпы «делдалдар институты» бағаға қалай әсер етеді? Олардың «цепочкасын» азайту немесе жою мүмкін бе?

ЖАУАП: Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуіне жоғары шығындар, логистиканың тиімсіз буындары мен делдалдар да әсер етеді.Өндірушілердің, делдалдардың, сауда саласының шығындарының құны (30%-ке дейін) түпкілікті баға арқылы тұтынушыға беріледі.Қазіргі жоғары шығындар тізбегі бағаларға қосымша логистикалық шығындар әкеледі.

Осыған орай, ішкі нарықты отандық тауарлармен молықтыру және отандық тауар өндірушілер үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық тауар өткізу жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізілуде, ол азық-түлік тізбегінің ысырабын азайту, бағаны тұрақтандыру, сауда инфрақұрылымын дамыту және экспорт арналарын құру мәселелерін кешенді шешу үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Ұлттық тауар өткізу жүйесін 24 көтерме-тарату орталықтарынан құрылатын болады.

Сақтау қуатын басқару бойынша Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйенің тауар өткізу жүйесін жабдықтау маңызды бөлігі болып табылады.

Ол тауардың есебін бір паллетке дейінгі дәлдікпен жүргізуге және тауардың орналасқан жері мен көлемін қадағалауға мүмкіндік береді.

Сатып алудың шоғырландырылған күші бағаны төмендетеді. Бірыңғай ақпараттық жүйе өндірушіден сатып алушыға тиімді логистиканы қамтамасыз етеді. Осының барлығы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуін тежеуге мүмкіндік береді және баға белгілеудің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.