Жария талқылау туралы

2025 жылғы 26 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Қазақстан Республикасының ұсынысы бойынша көлік құралдарының белгілі бір санатын сәйкестікке бағалау ерекшеліктерін заңнамалық деңгейде айқындауға мүмкіндік беретін шешімді мақұлдады.

Осы норманы іске асыру және заңды тұлғалармен көлік құралдарын импорттау рәсімін жеңілдету мақсатында көлік құралдарын сәйкестікке бағалау ерекшеліктерін айқындайтын қағидалар жобасы әзірленді. Бұл қағидалар көлік құралдарын сәйкестікке бағалау барысында дәлелдемелік материал ретінде шет мемлекеттерінің стандарттарына сәйкестігін растайтын құжаттарды пайдалануға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Үшінші елдерден шетелдік өндірушілердің өкілдері арқылы әкелінетін, дайындау күні үш жылдан аспайтын көлік құралдарына қойылатын сәйкестікті бағалау талаптарын және оны жүргізу ерекшеліктерін, сондай-ақ оларды айналымға шығару тәртібін айқындау туралы» қаулы жобасының ресми интернет-ресурста, сондай-ақ «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлайды.

Аталған жоба бойынша қоғамдық талқылау «Ашық НҚА» интернет-порталында 2025 жылғы 17 қарашадан 2025 жылғы 22 қарашаға дейін жүргізіледі (сілтеме https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15703070 ).

 

Басталу уақыты

17 қараша 2025

Соңғы күні

22 қараша 2025

Оқиға түрі

Қоғамдық талқылау