Қазақстан кәсіпкерлерін Ауғанстандағы сауда-экономикалық миссияға қатысуға шақырамыз

Қазақстан кәсіпкерлерін Ауғанстандағы сауда-экономикалық миссияға қатысуға шақырамыз

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «QazTrade» АҚ-мен бірлесіп, 2025 жылғы сәуірдің бірінші жартысында Кабул қаласында (Ауғанстан) өтетін сауда-экономикалық миссияға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды.

Миссияның негізгі мақсаты – тікелей іскерлік байланыстар орнату, қазақстандық кәсіпорындар мен әлеуетті серіктестер арасындағы сауда қатынастарын дамыту, екіжақты кездесулер (B2B) өткізу.

Миссияға қатысу үшін 2025 жылғы 16 наурызда сағат 11:00-ге дейін төмендегі сілтеме арқылы тіркеу формасын толтыру қажет: https://forms.gle/A9TRbZSqZWsvE1Hn6

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары: +7 702 435 77 99, +7 701 783 78 91,
+ 7 775 371 04 27

Басталу уақыты

01 сәуір 2025

Соңғы күні

15 сәуір 2025

Оқиға түрі

Хабарландыру