Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асырудың мерзiмi мен шарттары туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдардың жыл сайынғы аккредиттеуін өткізеді.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларын, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.

Аккредиттеуге құжаттарды қабылдауды Министрліктің кеңсесі 2025 жылдың қаңтар айының 28-нен ақпан айының 10-ны аралығында (жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін), Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 мекенжайы бойынша орналасқан «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимаратының 1-кіреберісінде жүргізеді.

Анықтама телефондары: +7 (7172) 75-06-57, 8 747-301-07-10.

Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi мынадай құжаттарды электрондық нысанда:

  • Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың аккредиттеуден өту үшін өтініш;
  • құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшiрмелерiн;
  • бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін ұсынады.

Аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алу үшін өтініш беруші орталық мемлекеттік және (немесе) жергілікті атқарушы органдарда аккредиттеуді қатарынан екі реттен артық растайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктердің көшірмелерін ұсынады.

Министрлікте аккредиттелуге үміткер бірлестіктер мен ұйымдар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген құжаттар топтамасын ұсыну қажет.

Құжаттарды қарау және аккредиттеу туралы куәлiк беру немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдау мерзімі өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күнiн құрайды.

Егер:

1) ұсынылған құжаттар Қағидалардың 8-тармағының талаптарына сәйкес келмесе;

2) бірлестік пен ұйым оның мүшелерінің мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асырмаған;

3) бірлестік пен ұйым аккредиттеуге құжаттарды өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін ұсынған жағдайларда аккредиттеу жүзеге асырылмайды.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік 3 (үш) жыл мерзімге беріледі.

Мемлекеттік органдарда қатарынан екі реттен артық аккредиттелген бірлестіктер мен ұйымдар жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды мерзімсіз негізде аккредиттеу туралы куәлік алады.

Бірлестіктер мен ұйымдарға жүргізілген аккредиттеу нәтижелері бойынша құжаттарды қарау және аккредиттеу туралы куәлік беру немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау мерзімі аяқталған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру немесе аккредиттеуден дәлелді бас тарту жүзеге асырылады.

Басталу уақыты

28 қаңтар 2025

Соңғы күні

10 ақпан 2025

Оқиға түрі

Хабарландыру