СИМ бұйрық жобасын жария талқылау туралы
Осы арқылы «Электрондық Үкімет порталының» «Ашық Үкімет», «Ашық НҚА» бөлімдерінде жария талқылау үшін «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 16 қарашадағы № 594-НҚ «Сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін қолдану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің жобасы жарияланғанын хабарлаймыз.
Бұйрық жобасымен БТД өлшемдерін қайта қарау кезеңділігі жартыжылдық негізден тоқсан сайынғы негізге өзгерту көзделген.
БТД өлшемдерін қайта қарау кезеңділігі Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатсыу мәселелері бойынша 2024 жылғы 10 маусымдағы ВАК отырысында қарастырылған.
Барлық мүдделі тараптар келесі сілтеме бойынша өтіп, жоғарыда көрсетілген бұйрық жобасын 2024 жылғы 6-20 қараша аралығында «Ашық НҚА» интернет-порталында талқылау үшін қолжетімді болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15275907.
06 қараша 2024
20 қараша 2024
Хабарландыру