Сауда қызметін реттеу туралы бұйрықтың жобасын қоғамдық талқылау

Біз азаматтарға «Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 49 бұйрығына өзгеріс және «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мен сыйақы мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 439-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 68 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасы бойынша қоғамдық талқылау басталғаны туралы хабарлаймыз.

«Электрондық үкімет порталында», «Ашық үкімет», «Ашық НҚА» бөлімінде сауданы реттеудің маңызды аспектілеріне қатысты бұйрық жобасы қолжетімді. Жоба 04.06.2024 бастап 19.06.2024 дейін талқыланады.

Барлық мүдделі тараптар жобаны талқылауға мына сілтеме бойынша қатысуға шақырылады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15076580

Басталу уақыты

04 маусым 2024

Соңғы күні

19 маусым 2024

Оқиға түрі

Хабарландыру