Құрметті Алматы қаласының тұрғындары!


2024 жылғы 7 маусым күні Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция Бірінші вице-министрі Бижанова Айжан Әділқызы бизнес өкілдерімен кездесу өткізеді.
Негізгі іс-шаралар: Алматы қ., Байзақов к-сі, 303, 3-қабат, 312 кабинет, Мәжіліс зал.
Бизнес өкілдерімен кездесу сағат 12.00 – 13.30;
Сіз Сауда және интеграция Бірінші вице-министрімен кездесуде сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды WhatsApp-қа жібере аласыз: +7 (701) 786-39-19 (Азиза Нұрпейісова).
Анықтама. Кездесулердің нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың басшылары құзыреті шеңберінде көтерілген проблемалық мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдар салалық бағдарламалық құжаттар мен нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізе отырып, сарапшылардың айтылған ұсыныстарын және барлық өңірлерге ортақ жүйелік проблемаларды талдауды қамтамасыз етеді.
Әрбір министрліктің өңірлік кездесулері қорытындылары жартыжылдық негізде Үкімет отырыстарында қаралатын болады.
Белсенді қатысуға және Сауда және интеграцияның Бірінші вице-министрі А.Ә. Бижановаға сұрақ қоюға шақырамыз.
07 маусым 2024
Алматы қ., Байзақов к-сі, 303, 3-қабат, 312 кабинет, Мәжіліс зал.
Хабарландыру