Анонс
Астанада ҚР Сауда және интеграция министрі
Арман Шаққалиевтің баспасөз конференциясы өтеді
2023 жылғы 15 желтоқсан күні «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) ғимаратында БАҚ үшін баспасөз конференциясы өтеді, онда ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев тауар биржаларын дамыту туралы айтады.
Күні мен уақыты: 2023 жылғы 15 желтоқсан, сағ 12.00.
Өтетін орны: «Астана» алықаралық қаржы орталығы (АХҚО), Мәңгілік Ел даңғылы, 55/18, блог С3.3, 1 қабат, «Al-Farabi Hall» залы.
БАҚ-ты аккредиттеу үшін деректерді (БАҚ атауы, ТАӘ, ЖСН, техникалық жабдықтардың толық тізімі) ағымдағы жылғы 14 желтоқсан күні сағат 18.00-ге дейін (бүгін) WhatsApp-қа жіберуді сұраймыз: +7 776 714 1995 (Айнұр Әлмұханова - СИМ).
Оқиға күні
15 желтоқсан 2023
Оқиға түрі
Хабарландыру