Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың "Министрлік жұмысының қорытындылары және 2020-2025 жылдарға арналған міндеттер туралы" халықпен есептік кездесуі 20 тамызда өтеді

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың "Министрлік жұмысының қорытындылары және 2020-2025 жылдарға арналған міндеттер туралы" халықпен есептік кездесуі 20 тамызда өтеді

Кездесу сағат 11.00-да басталады, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі мен Министрліктің Facebook және YouTube-те трансляцияланумен оnline режимінде өтеді.

Министр тікелей эфирде азаматтардан келіп түскен сұрақтарға да жауап береді.

Бұдан басқа, есептік кездесу барысында жедел желі телефоны жұмыс істейді - 8 701 701 01 34. Осы телефон нөмірінің WhatsApp-на қызықтыратын сұрақтарды жібере аласыз.

Есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша министрдің брифингі өтеді. Ол «Хабар 24» телеарнасында трансляцияланады. БАҚ өкілдері өз сұрақтарын Орталық коммуникациялар қызметіне жолдай алады.

 

Анықтама телефоны: 8 701 701 01 34.

 

 

Оқиға күні

20 тамыз 2020

Өткізу орны

Kazmedia

Оқиға түрі

Есеп беру кездесуі

Кіру

Online