Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын орналастыру туралы хабарлайды

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 65-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 19-бабының 1-тармағына сәйкес, «Шартты түрде шығаруға жол берілмейтін тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 шілдедегі № 441 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы нормативтік құқықтық актілер ашық интернет-порталында орналастырылғандығы туралы хабарлайды.

Осыған байланысты Министрлік аталған жобаны талқылауға шақырады.

Жоба 2.11.2023 ж. бастап 16.11.2023 ж. дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды. (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14778243)  

Басталу уақыты

02 қараша 2023

Соңғы күні

16 қараша 2023

Оқиға түрі

Хабарландыру