Құрметті Астана қаласының тұрғындары, бизнес өкілдері және елорда қонақтары!


QazTrade Қазақстан-ауған бизнес-форумы аясында ҚР Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен Астанада алғаш рет ауған тауарларының көрмесін ұйымдастырады. Шараға Ауғанстанның 70-ке жуық компания қатысады деп күтілуде.
Ү.ж. 4-5 тамыз аралығында көрмеде кілемдер, зергерлік бұйымдар, құрылыс тауарлары, тұрмыстық және өнеркәсіптік химия, көкөністер мен жемістер, азық-түлік және т.б. заттар ұсынылады.
Өткізу орны: Астана қ., Сауран к-сі, 44, Конгресс-орталық.
Жұмыс уақыты: сағат 10:00-17:00 (4 тамыз) сағат 10:00-13:00 (5 тамыз).
Басталу уақыты
04 тамыз 2023
Соңғы күні
05 тамыз 2023
Өткізу орны
Астана қ., Сауран к-сі, 44, Конгресс-орталық.
Оқиға түрі
Хабарландыру
Кіру
Кіру тегін