Меню

Страницы

Статья

Қытаймен шекарада тұрып қалған қазақстандық тауар тасымалдаушылардың мәселесі қалай шешілмек

https://www.inform.kz/kz/kytaymen-shekarada-turyp-kalgan-kazakstandyk-tauar-tasymaldaushylardyn-maselesi-kalay-sheshilmek_a3858347 

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қытай шекарасынан өте алмай шаруасы тұралап қалған отандық тауар тасымалдаушылардың мәселесі қалай шешіліп жатқаны айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында тілші «Қазақстандық тауар тасымалдаушылар Қытаймен шекарада тұрып қалды. Оларды шекарадан өткізбей жатыр, себебі неде және мәселе қалай шешілмек?» деген сауал қойылды.

 

Бұл сұраққа ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев жауап берді. «Қытаймен шекарадағы жағдай аса маңызды. Иә, біз мәселенің барын көріп отырмыз. Және ол коронавируспен байланысты, пандемияның салдарынан Қытай шекарасын жауып, тауар алмасуды тоқтатып жатыр. Тауарды шекарадан өте қатаң тәртіппен өткізіп жатыр, осы себепті тасымалдаушылар шекарада тұрып қалуда. Осы орайда отандық бизнеске қолдау көрсетіп, шекарадағы мәселені шешу мақсатында біз қытайлық серіктестермен келісім жүргізіп жатырмыз. Яғни шекара арқылы тауар тасымалы прецесін жеңілду үшін. Індеттің беті қайтпайынша Қытайдың шекарасын ашуы екіталай», - деді Ержан Қазанбаев. Оның айтуынша, эпиджағдай реттелсе Қытай мемлекеті өз шекарасын аша бастайды.

Айта кетсек, Орталық коммуникациялар қызметінде орнықты экономикалық өсу, өңірлер мен бизнесті дамыту жөніндегі ұлттық жобаларды іске асыру барысына арналған баспасөз мәслихаты өтіп жатыр.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kytaymen-shekarada-turyp-kalgan-kazakstandyk-tauar-tasymaldaushylardyn-maselesi-kalay-sheshilmek_a3858347

Дата публикации
05 ноября 2021
Дата обновления
05 ноября 2021
Тип
СМИ о нас

Сейчас читают

Статьи
17 июля 2026
Казахстан успешно завершил историческое председательство в Органе ВТО по обзору торговой политики
Статьи
17 июля 2026
Казахстан запускает первую региональную программу ВТО в Центральной Азии
Инфографика
17 июля 2026
КАЗАХСТАН И ВТО 10 лет полноправного членства

Социальные медиа

Facebook
Telegram

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы