Меню

Страницы

Статья

Мемлекет кәсіпкерлер мен жастарды жаппай онлайн бизнес жүргізуге оқытады

Толығырақ: https://inbusiness.kz/kz/news/memleket-kasipkerler-men-zhastardy-zhappaj-onlajn-biznes-zhurgizuge-okytady

 

Автор:Аян Бекенұлы Қазақстанда электронды сауданы ынталандыру үшін біршама шара қабылданып жатыр.   Экономиканың осы маңызды саласына серпін беру үшін Сауда және интеграция министрлігі шағын және орта бизнес өкілдерін онлайн бизнесті жүргізуге оқыту үшін арнайы платформа құрып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы. Жалпы елде электрондық сауданы ынталандыру және ШОБ өкілдерін оқыту, жеткізу қызметі, логистикалық сервистерді дамыту, заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ онлайн трансшекаралық сауданы дамыту бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осылайша, көптеген студенттерді электронды коммерция негіздеріне оқыту мақсатында биыл jumysbar.kz платформасында оқыту модулі іске қосылған. Онда оқу материалдары, бейне сабақтар, түрлі сәтті онлайн-кәсіпкерлермен сұхбаттарды көруге болады. Одан бөлек ішкі электронды сауданы ынталандыру шеңберінде шағын және орта бизнес өкілдерін онлайн бизнес жүргізу бойынша оқыту бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде. Ол үшін осы жылдың қыркүйегінен бастап Сауда және интеграция министрлігі SmartDuken.kz платформасын іске қосады. Бұл платформа – AIFC FintechHub-тің жетекші жаһандық төлем компаниясының Mastercard-пен серіктесе әзірлеген өнімі. Осы жылдың өзінде платформада 4 курс іске қосылады. Бүгінгі күні курстарды шығару кестесі дайын. Курстарға арналған контентті құру бойынша одан әрі жұмыс жүргізілуде. Отандық өндірісті шетелде ілгерілету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды қоспағанда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер төлемдерді төлеуді оңайлатуға және барлық кедендік операцияларды жүзеге асыруға, сондай-ақ тауарларды алушылар үшін қолайлылықты арттыруға бағытталған сыртқы электрондық сауда саласында пилоттық жоба жүргізуді жоспарлап отыр. Жоба сондай-ақ кедендік әкімшілендіруді едәуір жеделдетуге және интернет-сауда шеңберінде рәсімдерді оңтайландыруға мүмкіндік беретін электронды сауда операторы институтын енгізуді көздейді. Министрліктің өкілдері таратқан мәліметке сәйкес, 2019 жылы Қазақстандағы электрондық сауда нарығының көлемі шамамен 700 млрд теңгені құраған. Ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 2 есе өсіп, 1,1 трлн теңгеден асқан. Аян Бекенұлы  

Толығырақ: https://inbusiness.kz/kz/news/memleket-kasipkerler-men-zhastardy-zhappaj-onlajn-biznes-zhurgizuge-okytady 

Дата публикации
12 августа 2021
Дата обновления
12 августа 2021
Тип
СМИ о нас

Сейчас читают

Статьи
17 июля 2026
Казахстан успешно завершил историческое председательство в Органе ВТО по обзору торговой политики
Статьи
17 июля 2026
Казахстан запускает первую региональную программу ВТО в Центральной Азии
Инфографика
17 июля 2026
КАЗАХСТАН И ВТО 10 лет полноправного членства

Социальные медиа

Facebook
Telegram

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы