Женева, 6 мамыр 2026 жыл
- Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) Сауда саясатын шолу жөніндегі органға (ССШ) өзінің жылдық төрағалығын ресми түрде аяқтады. Қазақстан дипломатиясының басшылығымен өткен соңғы іс-шара Белиздің сауда саясатына сәтті жүргізілген шолу болды. Қазақстан тарапы бұл төрағалық міндетке 2025 жылдың маусым айында сайланды және ДСҰ-ның осы негізгі органын басқарған ТМД елдері арасындағы алғашқы мемлекет атанды. Бұл - Астананың әлемдік аренадағы ең жоғары беделі мен көшбасшылығын мойындау болды.
Сауда саясатына шолу (ССШ) - бұл әлемдік сауданың ашықтығын қамтамасыз ететін және жасырын кедергілерді болдырмайтын мүше елдердің сауда жүйелерінің тұрақты аудиті. Бұл шолуларды сәтті өткізу жаһандық нарықтың тұрақтылығын нығайтады, сауда қақтығыстарының тәуекелдерін азайтады және елдерге өз экономикаларын халықаралық стандарттарға жедел бейімдеуге көмектеседі. Ал өз кезегінде Қазақстан үшін төрағаның мәртебесі инвестициялық тартымдылықты арттырады және ашық нарық қағидаттарына бейілділігін көрсетеді.
Жылдық төрағалық ету кезеңінде ұйымға мүше мемлекеттердің сауда саясатына, соның ішінде Ұлыбритания, Австралия және Норвегия сияқты ірі әлемдік экономикаларға
12 жаһандық шолу сәтті жүргізілді.
Осы ауқымды жұмыстың қорытындысы бойынша халықаралық қоғамдастық қазақстандық дипломатияға бейтараптық, кәсібилік және жаһандық сауданың ашықтығын нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін жоғары ризашылығын білдірді.