Меню

Страницы

Статья

Электрондық сауда саласындағы кейбір мәселелер

Ү.ж. 6 тамызда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінде Электрондық және биржалық сауда департаментінің директоры Г-Б.О. Мейрбаеваның төрағалығымен электрондық сауда алаңдары өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.

Кездесудің басты тақырыбы электрондық сауданы құқықтық реттеудің өзекті мәселелерін, соның ішінде ұлттық заңнама талаптарын сақтауды, сатуға шектелген тауарларды онлайн-сатуға тыйым салуды, цифрлық платформалардың ашықтығын қамтамасыз етуді, сондай-ақ «Қазақстанда жасалған» деген таңбамен отандық тауарларды ілгерілетуді талқылау болды.

Министрлік өкілдері нарықтың барлық қатысушыларының қолданыстағы заңнама нормаларын қатаң сақтау қажеттігіне назар аударды. Электрондық сауданы дамыту жауапкершілік, тең қолжетімділік және тұтынушылардың құқықтарын қорғау қағидаттарына негізделуі тиіс екендігі ерекше атап өтілді.

Кеңес қорытындысы бойынша электронды сауда алаңдарына:

• тыйым салынған тауарларды сатуды шектеу бөлігінде заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету;

• нақты іске қосу мерзімдерімен «Қазақстанда жасалған» жеке бөлімін құру туралы ақпарат беру;

• платформалар интерфейсінде мемлекеттік тілді енгізудің кезеңдік жоспарын ұсыну.

Министрлік сондай-ақ онлайн-сауда қызметін реттейтін заңнама нормаларын түсіндіру мақсатында бейінді мемлекеттік органдармен жұмыс кездесулеріне бастамашы болады.

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі нарық қатысушыларымен ашық диалогқа дайындығын растайды және отандық өнімді ілгерілетуге және тұтынушылардың мүдделерін қорғауға ықпал ететін электрондық сауданың ашық, әділ және бәсекеге қабілетті ортасын қалыптастырудың басымдығын атап көрсетеді.

Дата публикации
06 августа 2025
Дата обновления
06 августа 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ-ның Сауда саясатына шолу жасау жөніндегі органның тарихи төрағалығын сәтті аяқтады
Мақалалар
17 июля 2026
Қазақстан ДСҰ ның Орталық Азиядағы алғашқы өңірлік бағдарламасын іске қосты
Инфографика
17 июля 2026
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ДСҰ 10 жыл толыққанды мүшелік

Социальные медиа

Facebook
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы