Құрметті Олжас Абайұлы!
Құрметті әріптестер!
1-слайд. 2024 жылғы әлемдік бидай нарығында бірқатар өзгерістер күтілуде. Еуропа, Оңтүстік Африка және Украинада ауа-райының қолайсыздығы себебінен бидай өндірісі төмендейді деп болжамдайды сарапшылар. Сонымен қатар, Ресейдің бидай бойынша экспорттық әлеуеті 2024-2025 жылдары 53 млн тонна көлемінде болады, бұл өткен маусыммен салыстырғанда 10,1%-ға аз.
Қазақстанның қаңтар-тамыз айларындағы бидай экспорты 3,13 млн тонна құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 39,2%-ға төмендеген (қаңтар-тамыз 2023 жылы - 5,15 млн тонна).
Бұл төмендеудің себебі өткен жылғы өнімнің аздығы және дәстүрлі экспорттық нарықтарда бәсекелестіктің күшеюі. Сондай-ақ біз бидай экспорттық нарықтарының географиясының тарылуын байқап отырмыз. Негізгі экспорттық нарықтар - Италия, Түркменстан және Ауғанстан, Ресей Қазақстанның бидайын тұтынуды бірнеше есеге азайтты.
Бұл экспорттық бағалардың демпингімен байланысты болды, ол қазақстандық бидайдың Орталық Азиядағы негізгі экспорттық нарықтарда ауыстырылуына себеп болды.
2-слайд. Қазақстанның 2024 жылға арналған астық дақылдары бойынша экспорттық әлеуеті 12 млн тонна, оның ішінде 7-7,5 млн тонна бидай, 1,3-1,4 млн тонна арпа, 300 мың тонна жүгері. Сонымен қатар, майлы дақылдар бойынша әлеует 1 млн тоннадан асады.
Орталық Азия мен Ауғанстанға 4,2 млн тонна бидай жеткізіледі деп күтілуде. Қытайға жалпы астық экспорты 2023 жылы 1,43 млн тонна құрап, өткен жылмен салыстырғанда 5,5 есе өскен. Оның ішінде бидайдың үлесі 538,8 мың тонна, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 15 есе артық. Бұл Қытайға экспорт көлемін 1,6 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Дегенмен, Қытай шекарасындағы кідірістер мен лицензиялау шарттары әлі де шешуді талап етеді.
Жаһандық сұраныстың артуы және өнімділіктің төмендеуіне байланысты Италия, Латвия, Испания сияқты ЕО елдері маңызды нарықтар болып отыр. Қазақстан үшін бидайды Ресей арқылы транзиттеу және Транскаспий Халықаралық Көлік Бағыты (ТМТМ) бойынша шығындарды азайту өзекті.
Түркия мен Таяу Шығысқа шамамен 1 млн тонна бидай экспорттау мүмкіндігі бар.
Иранға арпа жеткізуді қалпына келтіру маңызды, сауда және логистика мәселелері шешілуде. Пәкістан, Индонезия, Бразилия және Малайзия нарықтарында қазақстандық бидай брендін ілгерілету жұмыстары жандандырылады.
3-слайд. Азық-түлік корпорациясымен бірлесе отырып, экспорттық логистика мен бағалар көрсетілген елдік ұсыныстар (офферлер) әзірленді. Бұл ұсыныстар Қазақстанның 14 тұрақты өкілдігіне жіберіліп, белсенді түрде жұмыс жүргізілуде. Арменияға 600 мың тонна, Италияға 1 млн тонна бидай жөнелту туралы келіссөздер жасалып жатыр. Сонымен қатар, Солтүстік Африка елдеріне 200 мың тонна экспорт бойынша келісімдер жүргізілуде.
4-слайд. Экспортталатын өнімнің күрделілігін арттыру саясатын ескере отырып, дәнді дақылдарды өңдеуге көңіл бөлген жөн. Бұл болашақта экспорт мәселелерін шешудің жолы болуы мүмкін. Қазақстанда күнбағыс майын өндіруде оң нәтижелер бар: 2023 жылдың 1 ақпанынан бастап күнбағыс тұқымын экспорттауға 20%-дық баж енгізілгеннен кейін май өндірісі 56%-ға өсті. Биыл бұл өсу жалғасуда, экспорттық бағаның маржасы бірнеше есе артты.
4 желтоқсаннан бастап этил спиртін өндіруші компанияларға оны еврокуб ыдысында экспорттауға рұқсат етілді. Қазіргі уақытта Германия мен Қытайдан спиртке сұраныс бар.
Сонымен қатар құрама жем экспорты бойынша Қытай негізгі нарыққа айналды, экспорт көлемі өткен жылмен салыстырғанда 93 мыңнан 663 мың тоннаға дейін өсті. ҚТЖ жүк тасымалын дұрыс ұйымдастыру арқасында жоспардың орындалуы 30%-дан 100%-ға дейін артты.
5-слайд. KazakhExport Экспорттық-кредиттік агенттігі экспорттаушыларға сақтандыру, кепілдік беру, экспорттық сауда және қаржыландыруды ұсынуда. Бұл әсіресе өсімдік шаруашылығы өнімдері мен астық экспорты үшін маңызды. Агенттік Қазақстанның дәнді дақылдар экспортына қолдау көрсетіп, оның көлемін 2 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бермек. KazakhExport қолдау құралдары арқылы Қазақстанның дәнді дақылдар экспортын жыл сайын 10 млн тоннаға дейін арттыру әлеуеті бар.
Назарыңызға рақмет!