Меню

Страницы

Статья

Сатушылар заңбұзушылықтарды өз еркімен жоймаса, жауапкершілікке тартылады Барлық құқықтар қорғалған.

https://www.inform.kz/kz/satushylar-zanbuzushylyktardy-oz-erkimen-zhoymasa-zhauapkershilikke-tartylady_a3660485

НУР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда тұтынушылар шағымын қараудың үш деңгейлі механизмі енгізіледі. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында тұтынушылар құқығын қорғау мәселелері көзделген заң жобасын таныстырған ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Тұтынушылар бірлестіктеріне қоғамдық бақылау жүргізу құзыреті беріледі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес құрылады «Заң жобасы 7 заңнамалық актіге, оның ішінде 3 кодекс пен 4 заңға 200-ге жуық түзетулерді енгізуді көздейді. Олардың негізгі бағыттары: біріншіден, халыққа тұтынушылар құқығын қорғаудың тұтас және тиімді жүйесін қалыптастыру; екіншіден, уәкілетті органның, оның ішінде тиісті салаларда тұтынушылар құқығын қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі рөлін күшейту; үшіншіден, үкіметтік емес ұйымдарды институционалдық күшейтуге және тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың көп деңгейлі жүйесіне белсенді тартуға, сондай-ақ оларды қолдау», - деді «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылар құқығын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын таныстырған министр. Оның атап өтуінше, заң жобасымен шағымдарды қараудың үш деңгейлі механизмі енгізіледі. I деңгейде сатушының шағымды өз еркімен немесе дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері арқылы қарау көзделеді. Аталған механизмді заңнамалық бекітудің негізгі мақсаты - бұзылған құқықтарды қалпына келтіру, моральдық және материалдық залалды «қазір және осында» принципі бойынша қысқа уақытта аз шығынмен өтеу. Бұл ретте тұтынушының қалауымен дау сотқа дейін реттеу аясында шешіледі. «II деңгейде шағымдар уәкілетті органға жіберіледі. Сатушылар бұзушылықтарды өз еркімен жоюдан бас тартқан жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады. III деңгей – сотқа шағым беру. Сотқа дейінгі реттеу институтының енгізілгенін ескере отырып, соттар тұтынушы мен сатушы арасында өзара тиімді келісімі жоқ дауларды қарайды. Үш деңгейлі механизмді рет-ретімен қолдану сот органдарына түсетін жүктемені төмендетуге алып келеді деп ойлаймыз», - деді Бақыт Сұлтанов. Біздің каналымызға жазылыңыз:


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/satushylar-zanbuzushylyktardy-oz-erkimen-zhoymasa-zhauapkershilikke-tartylady_a3660485

Дата публикации
14 июня 2020
Дата обновления
14 июня 2020
Тип

Сейчас читают

Статьи
17 июля 2026
Казахстан успешно завершил историческое председательство в Органе ВТО по обзору торговой политики
Статьи
17 июля 2026
Казахстан запускает первую региональную программу ВТО в Центральной Азии
Инфографика
17 июля 2026
КАЗАХСТАН И ВТО 10 лет полноправного членства

Социальные медиа

Facebook
Telegram

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы