Құрметті Әлихан Асханұлы!
Слайд 1
Біздің есебіміз бойынша, бүкіл ел халқының жалпы тұтынуына сүйене отырып, бүгінгі таңда келесі импортталатын тауарларға тәуелдіміз: қант, тауық еті, ірімшік және сүзбе, сары май, күнбағыс майы, макарон өнімдері, және маусымаралық кезенде қырыққабат пен пияз.
Бүгінгі таңда 2022 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 9 атауы бойынша импортқа тәуелділік 16,2% - дан 55,9% - ға дейін және қант бойынша 90 % бар.
Кейбір тауарлар бойынша біз халықтың тұтынуынан едәуір жоғары қамтамасыз етілгенін атап өтеміз. Алайда, көрші нарықтардағы жағдайларға байланысты біз агрессивті экспортты байқаудамыз. Әсіресе көкөніс өнімдеріне.
Біз ішкі нарықты қамтамасыз еттетін және азық түлік секторындағы дағдарыстарға төзімді саясатын құруымыз керек.
Слайд 2
Нарықтағы бағаны тұрақтандырудың қолданыстағы тетіктері шеңберінде қалыптастырылған қорлармен қанықтыру жөніндегі үйлестіру жұмыстары жалғасуда.
Ағымдағы жылы тарифтік/тарифтік емес реттеудің уақтылы шаралары оң нәтиже берді
Мәселен, күнбағыс тұқымына кедендік баж салығын енгізу нәтижесінде өндірушілерде күнбағыс майының бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік туды. Қазіргі уақытта өңдеу кәсіпорындарында және сауда орындарында күнбағыс майы бағасының төмендеу динамикасы байқалады.
Пияздың агрессивті экспортын болдырмау үшін 3 айға экспортқа тыйым салынған, кейінен бұл тыйым квотаға ауыстырылды. Бұл шара халықты пиязбен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді және алдыңғы жылдардағы қырыққабат пен картоп сияқты бағаның күрт өсуіне жол бермеді.
Қазіргі уақытта 2024 жылдың маусымаралық кезеңін қамтамасыз ету үшін 2023 жылғы күзгі егінге келісімшарт бойынша жұмыс жалғасуда. Бүгінгі таңда 90,0 мың тоннаға жуық өнім қалыптастырылды.
Жергілікті атқарушы органдар келесі жылдың маусымаралық кезеңіндегі келісімшарттарды жасасуды жылдамдату керек.
Слайд 3
Ішкі нарықтың қанықтылығын қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында ерте импортталған көкөністерді жеткізу мәселесі пысықталуда.
Бүгінгі таңда «Тәжагропромэкспорт» 50 000 тоннаға дейін ерте пісетін пиязді жеткізіп беруге дайын.
Ерте пісетін пиязды жеткізуді ұйымдастыру үшін «KTZ Express» АҚ - «KZTE Commerce» филиалы тартылды. Бұл компания пиязды орталықтандырып сатып алуды, кедендік тазартуды, тауарды қабылдауды және оны аумақтық әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларға бөлуді қамтамасыз етеді.
Жергілікті атқарушы органдар мен әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар Сарыағаш станциясынан тауарды уақтылы алып, өңірлерге жеткізуді және баға тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиіс.
Сондай-ақ, «UZKAZTRADE» компаниясымен бірлесіп жеткізумен бірге құны 130 тг/кг (0,28 кг), тұратын қырыққабатты Өзбекстаннан сатып алу мәселесі пысықталды.
Сонымен қатар Түркістан облысының фермерлерінде ерте піскен қырыққабат аталған бағамен кәзіргі танда сатуына байланысты біз отандық тауар өндірушіні қолдау мақсатында өзбек қырыққабатын сатып алудан бас тартық. Қырыққабат өндірушілерідін тізімін барлық аймақтарға ақпарат ретінді берілді. Барлық аумақтар осы қырыққықабатты тікелей сатып алып аумақтарға жеткізіп интервенцияны жүргізу қажет.
Келешекте ерте пісетін қырыққыбаттын бағасы мамыр айында төмендейді деп күтілуде.
Нарықты ерте пісетін картоппен қамтамасыз ету үшін Пәкістан мен Өзбекстаннан жеткізілім пысықталуда.
Слайд 4
Бүгінгі таңда барлық сақтау нысандарының ішінде елімізде тек 200-ге жуық көкөніс қоймаларында климаттық жабдықтары бар.
Қоймадағы көкөністердін көлемін анықтау мақсатында талдау жүргізу кезінде біз дәйекті тауар балансын қалыптастыру үшін деректердің болмауы проблемасына тап болдық. Осыған байланысты біз Ұлттық статистика бюросына қоймалардағы көкөніс қорлары бойынша статистиқалық нысанын әзірлеу және енгізу туралы ұсыныс енгіздік.
Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарына тіркелмеген көкөніс қоймаларына түгендеу және тіркеу жұмыстарын жүргізіп, оларды салық есебіне қоюды тапсырдым. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы министрлігі, Сауда және интеграция министрлігі және жергілікті атқарушы органдар көкөніс қоймаларын санаттарға бөлуі жұмыстарын жүргізеді.
Нәтижесінде барлық көкөніс қоймаларын статистиқалық есеппен қамтып еліміздегі қоймалардағы көкөністер бойынша дәйекті деректер тұрақты қол жетімді болады.
Сонымен қатар, алдын ала бағалау жұмыстар нәтижесінде біз сақтау қуаттарында айтарлықтай тапшылықты байқаудамыз.
Және де егер біз қазіргі заманғы сақтау форматтарының талаптарына сәйкес келетін қоймаларды ғана ескеретін болсақ, онда тапшылық әлдеқайда көп болады.
Жалпы түгендеу нәтижелері бойынша 2025 жылға дейін көкөніс қоймаларын салу және жаңғырту жөніндегі кешенді жоспар пысықталатын болады.