«Сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 16 қарашадағы № 594-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін қолдану қағидаларында:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Осы Сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 882 «Өздеріне қатысты ең төмен бағалар деңгейі қолданылатын жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысымен бекітілетін тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейін (бұдан әрі – БТД) қолдану тәртібін айқындайды.»;
6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«6. Уәкілетті орган жыл сайын 15 (он бесінші) наурыздан, 15 (он бесінші) маусымнан, 15 (он бесінші) қыркүйектен және 15 (он бесінші) желтоқсаннан кешіктірмей тауардың әрбір түріне БТД-ны есептейді және өзінің ресми интернет-ресурсында жариялайды.»;
8-тармақтың бірінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:
«8. Уәкілетті орган жыл сайын 28 (жиырма сегізінші) ақпанға, 31 (отыз бірінші) мамырға, 31 (отыз бірінші) тамызға дейін және 30 (отызыншы) қарашаға дейін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан әрбір тауарға қатысты ақпарат ұсынылған айдың алдындағы 3 (үш) ай үшін тауарларға өндіруші-кәсіпорындардың орташа бағаларын сұратады.»;
9-тармақтың бірінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік кіріс органы жыл сайын 28 (жиырма сегізінші) ақпанға, 31 (отыз бірінші) мамырға, 31 (отыз бірінші) тамызға дейін және 30 (отызыншы) қарашаға дейін уәкілетті органға әрбір тауарға қатысты ақпаратты ұсыну айының алдындағы 3 (үш) ай ішінде Өтініштерде көрсетілген, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасына әкелінген тауарлардың орташа құны туралы ақпаратты ұсынады.»;
10-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«10. БТД жыл сайын 1 (бірінші) қаңтар мен 31 (отыз бірінші) наурыз, 1 (бірінші) сәуір мен 30 (отызыншы) маусым, 1 (бірінші) шілде мен 30 (отызыншы) қыркүйек және 1 (бірінші) қазан мен 31 (отыз бірінші) желтоқсан аралығындағы кезеңде қолданылады.».
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |