"Мемлекеттік мүлікті коммуналдық меншіктен республикалық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

Мемлекеттік мүлікті коммуналдық меншіктен республикалық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы

 

«Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616қаулысынасәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы облысының әкімдігінен берілетін «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аумағын басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) акцияларының 100 (жүз) пайыз мөлшеріндегі пакеті коммуналдық меншіктен республикалық меншікке берілсін.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін қоса беріліп отырған өзгеріс пен толықтырулар бекітілсін.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі                                                             А. Мамин

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2020 жылғы «    »

№   

қаулысымен бекітілген

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне

енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар

 

  1. Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

«Алматы облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі
38-9-жолмен толықтырылсын:

«38-9.«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аумағын басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы».»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

«Алматы облысы» деген бөлімде реттік нөмірі 198-20-жол алып тасталсын.

  1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы
    27 мамырдағы № 659 қаулысына:

иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі» бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 400-2-жолмен толықтырылсын:

«400-2. «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аумағын басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы».».

  1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 28, 243-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде:

Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аумағын басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы».

ҚР ҮҚ
Дата публикации
17 сентября 2020