"Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторы қызметінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторы қызметінің кейбір мәселелері туралы

 

«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 41) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануыныңың бірыңғай операторының келесі функциялары айқындалсын:

1) тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау саласында Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

2) серверлік жабдықтың жұмыс істеуі мен қызмет көрсетуінің белгіленген стандарттарын, технологиялық режимдерін ескере отырып, тауарлар айналымына қатысушылардың тауарларды таңбалауменолардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ТТҚ АЖ) үздіксіз қол жеткізуін қамтамасыз ету;

3) тиісті салада тауарларды таңбалау менолардың қадағалануы жүйесінің жұмыс істеу тәртібіне сәйкес салалық мемлекеттік органдарға ТТҚ АЖ-дан ақпарат беру;

4) нарық субъектілерін ТТҚ АЖ және Ұлттық тауарларкаталогына жұмыс істеу және қосу тәртібі мен рәсімдері туралы барлық қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;

5) үшінші тұлғалармен шарттар жасасу, сондай-ақ еншілес ұйымдарға операциялық және технологиялық функцияларды жүзеге асыруды тапсыру;

6) ТТҚ АЖ және Ұлттық тауарлар каталогының жұмыс істеуінің ұйымдастырушылық-техникалық аспектілерін регламенттейтін үлгілік шарттардың, нұсқаулықтардың және өзге де құжаттардың нысандарын бекіту;

7) нарық субъектілерінің және тауар айналымының басқа да мүдделі қатысушыларының сұрау салуы бойынша қосымша ақылы қызметтер көрсету, оның ішінде консультациялық және тәжірибелік көмек көрсету.

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республиканың

Премьер-Министрі                                                   А. Мамин

ҚР ҮҚ
Дата публикации
18 августа 2020