«Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 1 тамыздағы № 314-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 1 тамыздағы № 314-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28994 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Отандық өңделген тауарларды және көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша қабылданған халықаралық міндеттемелер аясында өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында:

4 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, әскери және аэроғарыштық мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) отандық өндірушілерді, QazVac препаратын өндірушілерді, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлер қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі өтініш берушілер, сондай-ақ өздеріне қатысты сот оларды банкрот деп тану, банкроттық рәсімін қозғай отырып тарату және оңалту рәсімін қолдану туралы шешімдері заңды күшіне енген өтініш берушілер, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шарасын алуға өтінім берген жылдың алдындағы соңғы екі жылда еңбекақы төлеу қоры кемінде 10% мөлшерінде өсуге қол жеткізбеген өтініш берушілер өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын пайдаланбайды.;

  1. Осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарында көрсетілген түрлер бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының жанама салықтары (қосылған құн салығы және акциздер) есепке алынбай жүзеге асырылады.

Осы Қағидалардың 9 – тармағы 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) тармақшалары мен 10-тармағында 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген шығындардың бір бөлігін өтеудің жиынтық мөлшері ағымдағы қаржы (күнтізбе) жылында бір өтініш берушіге 13 000 (он үш мың) айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі-АЕК) аспауы тиіс.

Инвестициялық жобаны (инвестициялық басым жобаны және (немесе) арнайы инвестициялық жобаны) іске асыратын заңды тұлға өтініш беруші болып табылатын өтінімдерді қоспағанда, осы Қағидалардың 9-тармағының, 9) тармақшада көрсетілген түрі бойынша шығындардың бір бөлігін өтеудің шекті мөлшері:

1) жоғарғы бөліністегі тауарлар үшін өтінім берілген жылдың алдындағы жылы қайтарылған ҚҚС сомасын шегере отырып төленген салықтар сомасының 100% мөлшерінде;

2) орташа бөліністегі тауарлар үшін өтінім берілген жылдың алдындағы жылы қайтарылған ҚҚС сомасын шегере отырып төленген салықтар сомасының 80% мөлшерінде;

3) төменгі бөліністер үшін өтінім берілген жылдың алдындағы жылы қайтарылған ҚҚС сомасын шегере отырып төленген салықтар сомасының 50% мөлшерін құрайды.

Өтінім беруші ресми өкіл (дистрибьютор)/трейдер / еншілес компания болып табылатын өтінімдер бойынша осы Қағидалардың 9-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген түрі бойынша шығындардың бір бөлігін өтеудің шекті мөлшері:

1) жоғарғы бөліністегі тауарлар үшін қайтарылған ҚҚС сомасын шегере отырып, өтінім беруші мен өндіруші бірлесіп, өтінім берген жылдың алдындағы жылы төленген салықтар сомасының 100% мөлшерінде;

2) орташа бөліністегі тауарлар үшін қайтарылған ҚҚС сомасын шегере отырып, өтінім беруші мен өндіруші бірлесіп өтінім берген жылдың алдындағы жылы төленген салықтар сомасының 80% мөлшерінде;

3) төменгі бөліністегі тауарлар үшін қайтарылған ҚҚС сомасын шегере отырып, өтінім беруші мен өндіруші бірлесіп өтінім берген жылдың алдындағы жылы төленген салықтар сомасының 50% мөлшерін құрайды.

Бұл ретте өтінімдерді ағымдағы қаржы жылына бір ғана өтініш беруші (бір/бір еншілес компания, ресми өкіл (дистрибьютор/трейдер) береді.

Осы Қағидалардың 9-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген түрі бойынша шығындар бөлігінің өтеудің жиынтық мөлшері, өтініш берушілерді қоспағанда, ағымдағы қаржы (күнтізбе) жылында бір отандық өндірушіге (өндірілген өнімді өткізетін өтініш берушінің еншілес компаниялары мен ресми өкілдіктері (дистрибьюторлары) берген өтінімдер санына қарамастан) 75 000 (жетпіс бес мың) АЕК аспауы тиіс, Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен Көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 мамырдағы № 303 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28283 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 293 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28261 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік жинау туралы Келісім (Бұдан әрі - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 мамырдағы № 304 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28282 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік жинау туралы Келісім (Бұдан әрі - Келісім көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы).

  1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Экспортты ілгерілету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

Аты-жөні

«КЕЛІСІЛДІ»                                            

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

 «КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Бәсекелестікті қорғау және

дамыту агенттігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Өнеркәсіп және құрылыс

министірлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

«Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 1 тамыздағы № 314-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
07 декабря 2023