"Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 ақпандағы № 131 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

«Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 ақпандағы
№ 131 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 ақпандағы № 131 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 2003 ж., N 6, 62-құжат) келесідей өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген Қаулымен бекітілген сауда базарларының қызметін ұйымдастыру ережесінде:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 26) тармақшамен толықтырылсын:

«3) Сауда базарының әкімшісі–Қазақстан Республикасының Сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес сауда базарының жұмыс істеуін және оның жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін жеке тұлға.»;

20-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;

келесі мазмұндағы 20-1 тармағымен толықтырылсын:

«20-1. Сауда базарының әкімшісі:

1) ішкі сауда субъектілері мен сауда базары әкімшілігінің қызметкерлері үшін жұмыс режимін қамтитын базар регламентін бекітеді;

2) сауда базарымен ұсынылатын қосымша қызметтер тізбесін бекітеді (бар болса);

3) ішкі сауда субъектілеріне сауда орындарын беру тәртібін, олардың сипаттамаларын, мүліктік жалдау (жалға алу) шартының талаптарын бекітеді;

4) сауда базарларында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін Ішкі сауда субъектілерінің назарына жазбаша нысанда жеткізеді.».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

    Премьер-министрі                                                             А. Мамин

ҚР ҮҚ
Дата публикации
11 августа 2020