Шаруашылық жүргізу құқығындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті кәсіпорынға қатысты тиісті саланы басқару жөніндегі уәкілетті органдарға;
2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні метрология, стандарттау және сертификаттау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
1)Кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлікжәне жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін;
2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4.Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
||
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы « » тамыздағы № қаулысымен бекітілген
|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер және толықтыру
«Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығын құрудың және оның жұмыс істеуінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 шілдедегі № 718 қаулысында: (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ 2019 ж, № 47-48 392құжат):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ақпарат орталығы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан метрология және стандарттау институты (ҚазИнМетрСтандарт)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – кәсіпорын) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылады».
«Стандарттау жөніндегі ұлттық органды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 885 қаулысында («Казахстанская правда» 2019 ж. 16 қаңтардағы., № 9 (28886):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан метрология және стандарттау институты (Қазметрстандарт)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны стандарттау жөніндегі ұлттық орган болып белгіленсін».
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысында» (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ, № 28, 243құжат.):
Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты (ҚазСтИн)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан метрология институты (ҚазМетрИн)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны» деген жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан метрология және стандарттау институты (ҚазИнМетрСтандарт)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны»;
3 қосымшада:
қайта аталатын мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
1 және 2-тармақтар алынып тасталсын.