Ертелік пияз, ірі делдалдар, 2024 жылдың көктеміне арналған егін сатып алу

2023 жылғы наурыз-сәуір айларының қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,6%-ға өскен. Атап айтқанда, баға наурыз айында 0,4%-ға, сәуірде 0,2%-ға көтерілді. Қарақұмық, күнбағыс майы, құс еті, жұмыртқа, қант бағасын ұстап тұру және төмендету бойынша динамика тұрақты.

Алайда маусымаралық кезеңнің соңында дәстүрлі түрде жеміс-көкөніс өнімдерінің бағасының өседі. Өткен жылғы өнім қорының азаюы мен нарықта ерте пісетін көкөністердің пайда болуы 12 өңірде пияз бағасының және 15 өңірде қырыққабат бағасының өсуіне әсер етті. Соңғы аптада қырыққабат бағасы 3,8%-ға, пияз 1,4%-ға, сәбіз 0,3%-ға, картоп бағасы 0,1%-ға көтерілді.

Маусым-шілде айларында Түркістан және Алматы облыстарында ерте пісетін картоп жиналады және бұл күзгі егінге дейін елдің қажеттілігін жабуға жеткілікті болмақ. Әкімдіктердің мәліметінше, республика бойынша сәбіз қоры – 32,5 мың тонна, ал қала халқына айына 24,4 мың тонна сәбіз қажет. Күзгі егіннен алынатын көкөністерді жеткізуге форвардтық шарттар жасасу бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл 2024 жылғы маусымаралық кезеңде бағаны тұрақтандыру үшін қажет.

 

Дата публикации
12 мая 2023