Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тауар айналымы

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Тәжікстан екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықта айтарлықтай ілгеріледі. Мәселен, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда 18,5%-ға өсіп, $1,4 млрд-қа жетті. Қазақстандық тауарларды Тәжікстанға экспортқа шығару 9,7%-ға ұлғайып, $877,6 млн-ды құрады. Өсім негізінен бидай, маргарин, күнбағыс майы, арпа, ыстық илектелген легирленбеген болат шыбықтар, цианидтер, оксидтер және алюминий гидроксидтері экспортының ұлғаюына байланысты болды. Қазақстандық экспорт бойынша оң үрдіс 2023 жылдың бірінші тоқсанында жалғасын тапты. Өткен жылы Тәжікстаннан импорт 37,9%-ға өсіп, $501,4 млн-ды құрады.

Өткен жылы АӨК өнімдерінің саудасы Қазақстан мен Тәжікстанның өзара саудасының жалпы көлемінің жартысынан немесе $578,3 млн-нан асып, 40% өсім көрсетті.

2022 жылы экспорттық-импорттық тасымалдау көлемі 563,87 мың тоннаны құрап, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 90,23 мың тоннаға ұлғайды. Автокөлік бойынша тасымалдау 66%-ға өсіп, 288,65 мың тоннаға жетті.

 

Дата публикации
12 мая 2023