"Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция
министрінің 2022 жылғы 7 қарашадағы № 425-НҚ бұйрығы. Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 8 қарашада № 30445 болып
тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін
және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген
тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын
бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17
ақпандағы № 81 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
тізілімінде № 13217 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар
тізбесіне, мөлшерлемелер көлеміне және олардың қолданылу мерзіміне:
"Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлері,
мөлшерлемелер көлемі және олардың қолданылу мерзімі" деген 1-бөлімде:

 

О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 17 февраля 2016 года № 81 "Об утверждении Перечня товаров, в отношении которых применяются вывозные таможенные пошлины, размера ставок и срока их действия и Правил расчета размера ставок вывозных таможенных пошлин на сырую нефть и товары, выработанные из нефти"
Дата публикации
07 октября 2022