"Экспорт алдындағы және экспорттық қаржыландыруды ынталандыру үшін «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы арқылы кейіннен «ҚДБ-Лизинг» акционерлік қоғамына кредит бере отырып, «Бәйтерек «Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

Экспорт алдындағы және экспорттық қаржыландыруды ынталандыру үшін «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы арқылы кейіннен «ҚДБ-Лизинг» акционерлік қоғамына кредит бере отырып, «Бәйтерек «Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 180-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 299 «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған экспорт алдындағы және экспорттық қаржыландыруды ынталандыру үшін «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы арқылы кейіннен «ҚДБ-Лизинг» акционерлік қоғамына кредит бере отырып, «Бәйтерек «Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасының Қаржы, сауда және интеграция министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен келесілерді қамтамасыз етсін:
  • «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамымен кредиттік шарт жасасу;
  • кредит берудің негізгі және қосымша шарттарының орындалуын бақылау;
  • бюджеттік кредиттің мақсатты және тиімді пайдаланылуын, өтелуін және қызмет көрсетуін бақылау және мониторинг жүргізу.
  1. «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы (келісім бойынша) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы, сауда және интеграция министрліктеріне кредиттің игерілуі туралы ақпарат берсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне жүктелсін.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

А. Мамин

 

Қазақстан Республикасының

Үкіметінің

«____» ________ 2020 жылғы

№ ________ Қаулысымен

Бекітілген 

 

 

Экспорт алдындағы және экспорттық қаржыландыруды ынталандыру үшін «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы арқылы кейіннен «ҚДБ-Лизинг» акционерлік қоғамына кредит бере отырып, «Бәйтерек «Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары

 

  1. «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – қарыз алушы) кредит беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:
  • Кредит «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар

туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 Қаулысына сәйкес республикалық бюджетті қалыптастырудың, нақтылаудың және атқарудың ерекше тәртібінде бөлінген 246 бюджеттік бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасының «2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңында көзделген 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңге сомасында беріледі.

  • кредит қарыз алушыға мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарымен жылдық 0,1% тең сыйақы мөлшерлемесі бойынша 20 (жиырма) жыл мерзімге теңгемен беріледі;
  • республикалық бюджеттен кредит бөлу кредиттің барлық сомасын қарыз алушының шотына бір мезгілде аудару жолымен жүзеге асырылады;
  • игеру кезеңі қарыз алушының шотына кредит аударылған күннен бастап 2 (екі) жылды құрайды;
  • кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу жылына 2 (екі) рет жартыжылдық төлемдермен жүзеге асырылады;
  • кредит бойынша негізгі борышты өтеуді қарыз алушы 6 (алты) жылды құрайтын жеңілдікті кезең аяқталғаннан кейін 2026 жылдан бастап тең үлестермен жүзеге асырады.;
  • бюджеттік кредитті берудің мақсаты, шойын құюдың отандық өндірісін құруды лизингтік қаржыландыру үшін кейіннен «ҚДБ-Лизинг» акционерлік қоғамына 20 (жиырма) жыл мерзімге жылдық 0,2% сыйақы мөлшерлемесімен кредит беру үшін жылдық 0,15% сыйақы мөлшерлемесімен «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамына қарыз алушының кейіннен кредит беруі болып табылады.
  1. Кредиттерді беру, өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі қосымша шарттар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес кредиттік шарттарда белгіленеді.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

А.Ұ. Маминге

 

 

 Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Экспорт алдындағы және экспорттық қаржыландыруды ынталандыру үшін «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы арқылы кейіннен «ҚДБ-Лизинг» акционерлік қоғамына кредит бере отырып, «Бәйтерек «Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы» қаулысының жобасына түсіндірме жазба

  

  1. 1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі.

  1. Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздеріне сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздер

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 180-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 299 «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» Жарлығына сәйкес.

  1. Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай – ақ қажет болған жағдайда-республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Өкім жобасын іске асыруға арналған қаражат «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 299 Жарлығына сәйкес 2020 жылға көзделген

  1. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын салдарлар

Жобаны қабылдау экспорт алдындағы және экспорттық қаржыландыруды ынталандыру үшін кейіннен «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ға кредит бере отырып, «Бәйтерек «Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ға кредит беруді болжайды.

  1. Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Жобаны қабылдау 2020 жылы 30 млрд теңге сомаға отандық экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды қаржыландыруды көздейді, сондай-ақ 2030 жылы 29,9 млрд теңге шойын құймасын жүзеге асыру көлемін қамтамасыз етеді.

Құрамдас бөліктердің негізгі сатып алушысы Ресей Федерациясының жүк автомобильдерінің ірі өндірушісі болғандықтан, жоба экспортқа бағдарланған болып табылады. «КАМАЗ» ЖАҚ өндірістік желілерін блоктармен және цилиндрлер блоктарының бастарымен, жүк автомобильдерінің қазіргі заманғы ұрпақтары үшін жетекші белдік картерінің арқалығымен толық қамтамасыз ету жоспарлануда. Еуропалық инжинирингтік компанияны тарту «үлкен жетілік» компанияларына компоненттерді іске асырудың бизнес-мүмкіндіктерін қарастыру үшін Еуропа елдеріне экспортты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру 2030 жылы 29,9 млрд теңгеге дейінгі сомаға шикізаттық емес өнімнің экспортын қамтамасыз етеді.

Жобаны іске асыру нәтижесінде жалпы 297 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылатын болады. Саны үдерістердің еңбек сыйымдылығымен, оқшауланатын технологиялардың сипаттамасымен негізделген. 2020-2023 жылдар аралығында құрылыс-монтаж жұмыстары кезеңінде құрылыс саласында 200-ден астам уақытша жұмыс орны құрылады.

  1. Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 тамыздағы № 511 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2022 жылға арналған ұлттық экспорттық стратегиясы» бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1050 қаулысымен бекітілген 2020-2025 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы.

  1. Қабылданған жағдайда заңнаманы енгізілетін жобаға сәйкес келтіру қажеттілігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетіндігін көрсету) не мұндай қажеттіліктің болмауы

Талап етілмейді

  1. Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттігі туралы ақпарат

Халықаралық шарт болып табылмайды.

  1. Кеңсе Басшысының және Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32 дсп/22П-дсп бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, жобалар мен оларға материалдарды «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына беру мүмкіндігі

Рұқсат етіледі

  1. Өкімнің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)

Талап етілмейді.

  1. Тауарлар саудасына, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар өкім жобасына баспасөз-релиз

Талап етілмейді.

  1. Өкім жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Сәйкес келеді.

  1. Үкімет актісінің қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының төмендеуін және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп айырысу нәтижелері

Талап етілмейді.

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеу себептерінің негіздемесі

Жоқ.

 

Қазақстан Республикасының

Сауда және интеграция министрі                                 Б. Сұлтанов

 

ҚР ҮҚ
Дата публикации
15 мая 2020