"Еуразиялық Экономикалық Одақтың бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігінде аккредиттеу субъектілерін енгізу, өзектендіру және алып тастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

Еуразиялық Экономикалық Одақтың бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігінде аккредиттеу субъектілерін енгізу, өзектендіру және алып тастау қағидаларын бекіту туралы

 «Сәйкестікті бағалау жөніндегі аккредиттелген органдарды (оның ішінде сертификаттау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын (орталықтарын) Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестігін бағалау жөніндегі органдардың бірыңғай тізіліміне енгізу, сондай-ақ оны қалыптастыру мен жүргізу тәртібі туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 100 шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігін жүргізу қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлігін жасау жөніндегі өтпелі кезеңге бақылауды қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін 1-тармақты қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді

 

 

Қазақстан Республикасының

    Премьер-Министрі

       

 

А. Мамин

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2020 жылғы «       »

№  қаулысымен бекітілген

 

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

           1.Осы Қағидалар Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 5-тармағына, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы шешіміне, «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603-II Заңына, «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі № 61-IV Заңынасәйкес әзірленді және аккредиттеу субъектілерін (оның ішінде сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын (орталықтарын)) Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестігін бағалау жөніндегі органдардың бірыңғай тізіліміне (бұдан әрі – Бірыңғай тізілім, Одақ) енгізу, оларды одан алып тастау критерийлерін, бірыңғай тізілімді қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ оған өзгерістер енгізу қағидаларын анықтайды.

           2.Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) және сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеу жөніндегі жұмыстардың нәтижелерін тану туралы хаттамада (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 11 қосымша) айқындалған мәндерде қолданылады.

3.Кеден одағының сертификаттау жөніндегі органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтары) бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін енгізілген аккредиттеу субъектілері Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың бірыңғай тізілімінің (бұдан әрі - Бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлігі) ұлттық бөлігіне енгізілген болып есептеледі.

  1. Осы қаулының 2-тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілері, сондай-ақ бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлігіне енгізілген аккредиттеу субъектілері осы қаулымен бекітілген Қағидалар күшіне енген күнге дейін 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін көрсетілген орган бекіткен нысан бойынша олардың осы қаулының талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының аккредиттеу жөніндегі органына ұсынсын. Мұндай мәліметтерді ұсынбаған аккредиттеу субъектілері бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлігінен алып тастауға жатады.

5.Аккредиттеу жөніндегі орган 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін осы қаулының 3-тармағына сәйкес аккредиттеу субъектілері ұсынған мәліметтерді қарауды қамтамасыз етсін және осы қаулымен бекітілген Қағидалардың 4-тармағында белгіленген негіздер болған кезде аккредиттеу субъектісін бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлігінен шығару туралы шешім қабылдауды қамтамасыз етсін.

  1. Аккредиттеу субъектілерінің оларды бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлігіне енгізу туралы аккредиттеу жөніндегі органға 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін келіп түскен, оларды бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлігіне енгізу туралы шешім қабылданбаған өтініштерін орган осы қаулымен бекітілген Қағидаларға сәйкес қарайды.

 

 

2-тарау. ҚазақстанРеспубликасыныңаккредиттеусубъектілерінеБірыңғайтізілімгеенгізуүшінқойылатынталаптар

 

Сәйкестікті растау жөніндегі органдар (бұдан әрі – СРО) үшін:

Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі заңнамасына сәйкес қолданыстағы аккредиттеу аттестатының болуы.

Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалауға жататын өнімнің (өнімнің Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын СРО үшін) немесе бірыңғай тізбеге енгізілген өнімнің (бірыңғай тізбеге енгізілген өнімнің сәйкестігін бағалау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын СРО үшін) СРО аккредиттеу саласында болуы;

СРО басшысы мен орынбасарларында аккредиттеу саласына немесе оның бір бөлігіне сәйкес келетін мамандығы және (немесе) дайындық бағыты бойынша жоғары білімінің, сәйкестікті бағалау саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы, бұл ретте СРО өтінішті жіберген күннің алдындағы 10 жыл ішінде жұмыс тәжірибесі ескеріледі;

СРО басшылығында өтелмеген немесе алынбаған қылмыстық және әкімшілік соттылығының болмауы;

СРО құрылтайшылары немесе қатысушыларының, СРО түйінді персоналдарының құрамында бұрын ұлттық аккредиттеу жүйесінде аккредиттелген заңды тұлғаның құрылтайшылары немесе қатысушылары болып табылатын тұлғалардың, бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлігіне енгізу туралы өтініш берілген күннің алдындағы 2 жыл ішінде бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлігіне сәйкестік сертификаттарын жаппай немесе жүйелі түрде негізсіз беру жағдайлары анықталған өзге де аккредиттелген, сондай-ақ СРО ретінде қызметін тоқтатқан және бұл ретте міндетті сертификаттау шеңберінде берілген сериялық шығарылатын өнімге олар берген сәйкестік сертификаттарының қолданылуын тоқтатпаған не басқа СРО инспекциялық бақылау жүргізу жөніндегі функцияларды беруді жүзеге асырмаған тұлғалардың болмауы;

Бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлігіне енгізу туралы өтініш берілген күннің алдындағы 1 жыл ішінде сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде аккредиттелген тұлғалармен, оның ішінде сәйкестікті растау туралы құжаттарды жаппай немесе жүйелі түрде негізсіз беру жағдайларына жол берген шет мемлекеттердің СРО өзара іс-қимыл фактілерінің болмауы;

Еуразиялық экономикалық одақтың (Кеден одағының) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалауға (растауға) жататын өнімнің СРО аккредиттеу саласында болуы;

Құрылымдық бөлімшесі ұлттық аккредиттеу жүйесінде СРО ретінде тіркелген заңды тұлғада міндетті сертификаттау жөніндегі жұмыстардың мәлімделген көлемінде орындалуын қамтамасыз ету үшін, оның ішінде жұмыстарға тапсырыс берушілер алдындағы жауапкершілікті, сондай-ақ өз қызметіне байланысты жауапкершілікті іске асыру үшін сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау ережелерін (сақтандыру сомасы немесе жарғылық капиталдың мөлшері) бұзғаны үшін жауапкершілікті қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржы ресурстарының болуы.

 

Сынақ зертханалары (орталықтары) (бұдан әрі – СЗ) үшін:

Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі заңнамасына сәйкес қолданыстағы аккредиттеу аттестатының болуы.

Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалауға жататын өнімнің (өнімнің Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын СЗ үшін) немесе бірыңғай тізбеге енгізілген өнімнің (бірыңғай тізбеге енгізілген өнімнің сәйкестігін бағалау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын СЗ үшін) СЗ аккредиттеу саласында болуы;

СЗ басшысы мен орынбасарларында аккредиттеу саласына немесе оның бір бөлігіне сәйкес келетін мамандығы және (немесе) дайындық бағыты бойынша жоғары білімінің, сәйкестікті бағалау саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы, бұл ретте СЗ өтінішті жіберген күннің алдындағы 10 жыл ішінде жұмыс тәжірибесі ескеріледі;

СЗ басшылығында өтелмеген немесе алынбаған қылмыстық және әкімшілік соттылығының болмауы;

СЗ құрылтайшылары немесе қатысушыларының, СЗ түйінді персоналдарының құрамында бұрын ұлттық аккредиттеу жүйесінде аккредиттелген заңды тұлғаның құрылтайшылары немесе қатысушылары болып табылатын тұлғалардың, бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлігіне енгізу туралы өтініш берілген күннің алдындағы 2 жыл ішінде бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлігіне сәйкестік сертификаттарын жаппай немесе жүйелі түрде негізсіз беру жағдайлары анықталған өзге де аккредиттелген, сондай-ақ СЗ ретінде қызметін тоқтатқан және бұл ретте міндетті сертификаттау шеңберінде берілген сериялық шығарылатын өнімге олар берген сәйкестік сертификаттарының қолданылуын тоқтатпаған не басқа СЗ инспекциялық бақылау жүргізу жөніндегі функцияларды беруді жүзеге асырмаған тұлғалардың болмауы;

Бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлігіне енгізу туралы өтініш берілген күннің алдындағы 1 жыл ішінде сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде аккредиттелген тұлғалармен, оның ішінде сәйкестікті растау туралы құжаттарды жаппай немесе жүйелі түрде негізсіз беру жағдайларына жол берген шет мемлекеттердің СЗ өзара іс-қимыл фактілерінің болмауы;

Еуразиялық экономикалық одақтың (Кеден одағының) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалауға (растауға) жататын өнімнің СЗ аккредиттеу саласында болуы;

Құрылымдық бөлімшесі ұлттық аккредиттеу жүйесінде СЗ ретінде тіркелген заңды тұлғада міндетті сертификаттау жөніндегі жұмыстардың мәлімделген көлемінде орындалуын қамтамасыз ету үшін, оның ішінде жұмыстарға тапсырыс берушілер алдындағы жауапкершілікті, сондай-ақ өз қызметіне байланысты жауапкершілікті іске асыру үшін сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау ережелерін (сақтандыру сомасы немесе жарғылық капиталдың мөлшері) бұзғаны үшін жауапкершілікті қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржы ресурстарының болуы.

 

Инспекциялық орган үшін:

Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі заңнамасына сәйкес қолданыстағы аккредиттеу аттестатының болуы

инспекциялық органның аккредиттеу саласында Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалауға жататын инспекция түрінің немесе өнімнің болуы;

инспекция органының штатында бір инспекция органында еңбек шарты негізінде сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын аккредиттеу саласына сәйкес қызметтің барлық бағыттары бойынша мамандардың болуы.

Аккредиттеу субъектілерін Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігінен шығару қаулының 1-тармағында, 2-тармағында, 3-тармағында көрсетілген талаптардың сәйкес келмеуі негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылған жағдайда жүргізіледі.

 

 

ҚазақстанРеспубликасының

Премьер-Министрі

А.Ұ. Маминге

 

 

«Еуразиялық Экономикалық Одақтың бірыңғайтізілімініңұлттықбөлігіндеаккредиттеусубъектілеріненгізу, өзектендіружәнеалыптастауқағидаларынбекітутуралыҚазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына түсіндірме жазба

 

 

  1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

  1. Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздеріне сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздер

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу туралы хаттаманың («Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 14 қазандағы № 240-V Заңымен бекітілген 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 5-тармағын іске асыру мақсатында және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс регламентіне № 1-қосымшаның 41-тармағына сәйкес 2018 жылғы 5 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі сәйкестікті бағалау жөніндегі аккредиттелген органдарды (оның ішінде сертификаттау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын (орталықтарын)) Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестігін бағалау жөніндегі органдардың бірыңғай тізіліміне енгізу, сондай-ақ оны қалыптастыру және жүргізу тәртібін бекітті.

  1. Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай–ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп айырысулар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы қаражатын талап етпейді.

  1. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын салдарлар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

  1. Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

№100 Шешімнің 11-тармағына сәйкес келтіру.

  1. Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ.

  1. Оны қабылданған жағдайда заңнаманы енгізілетін жобаға сәйкес келтіру қажеттілігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетіндігін көрсету) не мұндай қажеттіліктің болмауы

Талап етілмейді.

  1. Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттігі туралы ақпарат

Талап етілмейді.

  1. Мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, Кеңсе Басшысының және Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32 қбпү22п-қбпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» акпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес ақпараттық жүйесінде жобаларды және оларға материалдарды «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына беру мүмкіндігі

Рұқсат етіледі.

  1. Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)

Қаулы жобасы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (2020 жылғы 22 сәуір, байттар саны 400)

  1. 11. Тауарлар саудасына, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз –релизі

Талап етілмейді.

  1. Қаулы жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Сәйкес келеді.

  1. Үкімет актісінің қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының төмендеуін және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп айырысу нәтижелері

Талап етілмейді.

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеу себептерінің негіздемесі

_______

 

Қазақстан Республикасының

Сауда және интеграция министрі      Б. Сұлтанов

ҚР ҮҚ
Дата публикации
23 апреля 2020