Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық комиссияның кадрлық құрамын қалыптастыру тетігін нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы ұсыныс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық комиссияның кадрлық құрамын қалыптастыру тетігін нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы ұсыныс енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
Жоба
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық комиссияның кадрлық құрамын қалыптастыру тетігін нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер,
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 115 – бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1 - бап
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ережеде (көрсетілген шартқа № 1-қосымша):
54-тармақта:
төртінші абзацтағы «4 жыл мерзімге» деген сөздер алып тасталсын;
төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Комиссия департаменттерінің директорларымен және олардың орынбасарларымен еңбек шарттары (келісімшарттары) осы Ереженің 33-тармағына сәйкес қалыптастырылғанКомиссия Алқасының жұмыс мерзімінен аспайтын мерзімге жасалады.
Комиссия Алқасының Төрағасы Комиссия департаменттері директорларының және олардың орынбасарларының еңбек шарттарын (келісімшарттарын) 3 айға дейінгі мерзімге бір рет ұзартуға құқылы.
Комиссия департаменті директорының немесе Комиссия департаменті директорының орынбасарының бос лауазымына тағайындалатын адаммен еңбек шарты (келісімшарты) мерзімінен бұрын тоқтатылған (бұзылған) жағдайда, осы Ереженің 33-тармағына сәйкес қалыптастырылған Комиссия Алқасының жұмыс мерзімі аяқталғанға дейін қалған мерзімге жасалады.»;
сегізінші абзац мынадай сөздермен толықтырылсын:
«, және егер мұндай іріктеудің қажеттілігі мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, мүше мемлекетте жүргізілген білікті іріктеудің нәтижелерін ескере отырып»;
тоғызыншы абзац мынадай сөздермен толықтырылсын:
«, 5 жыл мерзімге. Комиссия қызметкерімен еңбек шартын (келісімшартты) Комиссияның тиісті құрылымдық бөлімшесінің қызметіне жетекшілік ететін комиссия алқасы мүшесінің ұсынуы бойынша, оның ішінде өткізілген аттестаттау нәтижелерін ескере отырып, Комиссия Алқасының Төрағасы нақ сол мерзімге ұзартуы мүмкін.»;
2) Еуразиялық экономикалық одақтағы әлеуметтік кепілдіктер, артықшылықтар мен иммунитеттер туралы хаттамада (көрсетілген шартқа № 32-қосымша):
43-тармақта «осы Ереженің» деген сөздер «Шарттың» деген сөзбен ауыстырылсын;
53-тармақтың бірінші абзацында «ауыстырған» деген сөзден кейін «кез келген кезеңде» деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап
Осы Хаттамаға сәйкес 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа енгізілетін өзгерістерге байланысты мыналар белгіленсін:
Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттерінің (бұдан әрі – Комиссия) директорлары мен директорларының орынбасарлары, осы Хаттама күшіне енгенге дейін жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) олардың еңбек шарттарында (келісімшарттарында) көзделген мерзімдер аяқталғанға дейін оларға жүктелген міндеттерді орындауды жалғастырады;
Комиссия қызметкерлерінің мерзімді еңбек шарты (келісімшарт) жағдайында жұмысқа ауысуына байланысты іс-шаралар осы Хаттама күшіне енген күнінен бастап 6 ай ішінде Комиссия Алқасының Төрағасы бекітетін тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл ретте жүктілігі және босануы бойынша немесе бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста болған Комиссия қызметкерлерінің, сондай-ақ Комиссия қызметкерлерінің уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңінде шұғыл еңбек шарты (келісімшарт) жағдайында жұмысқа ауысуына байланысты іс-шаралар аталған демалыстар (кезең) аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады;
Комиссия қызметкерлерінің еңбек шарттары (келісімшарттары) мерзімінің өзгеруіне байланысты осы Хаттама күшіне енген күнге дейін еңбек шарттарын (келісімшарттарын) жасасқан Комиссия қызметкерлерінің мерзімді еңбек шарты (келісімшарты) талаптарымен жұмысқа ауысуы конкурс өткізілмей жүзеге асырылады.
3 - бап
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарийді дипломатиялық арналар арқылы алған күнінен бастап күшіне енеді.
____________қаласында 20__жылы"____" ___________ бір түпнұсқа данада орыс тілінде жасалды.
Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
|
Армения Республикасы Үшін |
Беларусь Республикасы Үшін |
Қазақстан Республикасы Үшін |
Қырғыз Республикасы Үшін |
Ресей Федерациясы Үшін |
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А.Ұ. Маминге
«Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық комиссияның кадрлық құрамын қалыптастыру тетігін нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы ұсыныс енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
түсіндірме жазба
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі.
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының
2-тармағына, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңестің 2020 жылғы
3 сәуірдегі № 13 өкіміне сәйкес.
Жобаны қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша шығынды талап етпейді.
Хаттама жобасы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық комиссияның лаузымды тұлғаларымен және (қызметкерлерімен) жасалатын еңбек шарттарының келісімшарттардың талаптарын өзгертуге қатысты өзгерістер енгізуді қарастырады.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.
Жобаның мақсаты 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ережелерін жетілдіру болып табылады.
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кезекті қалыптастырылған құрамының жұмыс кезеңінде лауазымды тұлғалармен және Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерімен 5 жыл мерзімге еңбек шарттарын (келісімшарттарды) жасауды көздейді.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 14 қазандағы Заңымен ратификацияланған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт.
Талап етілмейді.
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының
9) тармақшасына сәйкес ратификациялауға жатады.
Рұқсат етіледі.
Жоба 2020 жылғы _____ Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің (www.mti.gov.kz) интернет-ресурсында, сондай-ақ 2020 жылғы 13 сәуірде ашық нормативтік құқықтық актілердің (http://legalacts.egov.kz) интернет-порталында орналастырылған. Байт саны: 1,85 МБ.
Талап етілмейді.
Сәйкес келеді.
Талап етілмейді.
Талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция
министрі Б. Сұлтанов
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 13 өкімімен мақұлданған Еуразиялық экономикалық комиссияның кадрлық құрамын қалыптастыру тетігін нақтылау бөлігінде 2014 жылғы
29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама жобасына енгізілген түзетулер бойынша салыстырмалы кесте
|
№ р/б |
Құрылымдық элемент |
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылатын редакция |
Негіздеме |
|
1-бап |
||||
|
1
|
54-тармақтың 4-абзацы |
Комиссия департаменттерінің директорлары мен олардың орынбасарларын конкурстық комиссияның ұсынымы негізінде комиссия Алқасының Төрағасы 4 жыл мерзімге тағайындайды. |
Комиссия департаменттерінің директорлары мен олардың орынбасарларын конкурстық комиссияның ұсынымы негізінде Комиссия Алқасының Төрағасы тағайындайды. |
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 1 тапсырмасын орындау үшін және онда баяндалған тәсілдер негізінде Еуразиялық экономикалық комиссияның кадрлық құрамын қалыптастыруға негізгі тәсілдерді түзету туралы. Еуразиялық экономикалық комиссия туралы Ереженің (Шартқа № 1-қосымша) 33-тармағына сәйкес қалыптастырылған, Комиссия Алқасының жұмыс мерзімінен аспайтын мерзімге Комиссияның лауазымды тұлғаларымен жасалатын еңбек шарттарының (келісімшарттардың) мерзімі 4 жастан бастап өзгертілсін. Бұл ретте Комиссияның барлық лауазымды адамдарын бір мезгілде жұмыстан босатуға жол бермеу мақсатында Комиссия Алқасы Төрағасының мұндай еңбек шарттарын (келісім-шарттарды) 3 айға дейінгі мерзімге ұзарту құқығы көзделеді. |
|
2 |
54-тармақтың 4- абзацынан кейін келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын |
жоқ |
Комиссия департаменттерінің директорларымен және олардың орынбасарларымен еңбек шарттары (келісімшарттары) осы Ереженің 33-тармағына сәйкес қалыптастырылған Комиссия Алқасының жұмыс мерзімінен аспайтын мерзімге жасалады. Комиссия Алқасының Төрағасы Комиссия департаменттері директорларының және олардың орынбасарларының еңбек шарттарын (келісімшарттарын) 3 айға дейінгі мерзімге бір рет ұзартуға құқылы. Комиссия департаменті директорының немесе Комиссия департаменті директорының орынбасарының бос лауазымына тағайындалатын адаммен еңбек шарты (келісімшарты) мерзімінен бұрын тоқтатылған (бұзылған) жағдайда, осы Ереженің 33-тармағына сәйкес қалыптастырылған Комиссия Алқасының жұмыс мерзімі аяқталғанға дейін қалған мерзімге жасалады. |
|
|
3 |
54-тармақтың 8-абзацы мынадай сөздермен толықтырылсын:
|
Комиссия департаменттері Комиссия Кеңесі бекітетін атқаратын лауазымына қойылатын тиісті біліктілік талаптарына жауап беретін мүше мемлекеттердің азаматтары қатарынан конкурстық негізде қызметкерлермен жасақталады. |
Комиссия департаменттері Комиссия Кеңесі бекітетін атқаратын лауазымына қойылатын тиісті біліктілік талаптарына жауап беретін мүше мемлекеттердің азаматтары қатарынан конкурстық негізде және егер мұндай іріктеудің қажеттілігі мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе, мүше мемлекетте өткізілген біліктілік іріктеудің нәтижелерін ескере отырып, қызметкерлермен жасақталады. |
Қазақстан Республикасының ұсынысы, көрсетілген норманы іске асыру кандидаттар ұсынған мәліметтердің (білімі, соттылығы туралы мәліметтер және кандидатты сипаттайтын өзге де ақпарат) түпнұсқалығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте осы норманы іске асырудың орындылығын мүше мемлекет мұндай қажет болған жағдайда дербес қабылдайтын болады. |
|
4 |
54-тармақтың 9-абзацы мынадай сөздермен толықтырылсын: |
Комиссия қызметкерлері жұмысқа комиссия алқасының төрағасымен жасалатын еңбек шарттары (келісімшарттары) негізінде қабылданады. |
Комиссия қызметкерлері жұмысқа комиссия алқасының төрағасымен жасалатын еңбек шарттары (келісім-шарттары) негізінде 5 жыл мерзімге қабылданады. Комиссия қызметкерлерімен еңбек шартын (келісім-шартты) Комиссияның тиісті құрылымдық бөлімшесінің қызметіне жетекшілік ететін комиссия алқасы мүшесінің ұсынуы бойынша, оның ішінде өткізілген аттестаттау нәтижелерін ескере отырып, Комиссия Алқасының Төрағасы нақ сол мерзімге ұзартуы мүмкін. |
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 1 тапсырмасын орындау үшін және онда баяндалған тәсілдер негізінде Еуразиялық экономикалық комиссияның кадрлық құрамын қалыптастыруға негізгі тәсілдерді түзету туралы. |
|
5 |
ЕАЭО-да әлеуметтік кепілдіктер, артықшылықтар және иммунитеттер туралы хаттамада (көрсетілген шартқа № 32 қосымша): 43-тармақта |
Комиссия Алқасы мүшелерінің, Одақ Соты судьяларының, лауазымды адамдар мен қызметкерлердің еңбек қатынастары осы Ереженің нормаларын ескере отырып, болатын мемлекеттің заңнамасымен реттеледі. |
Комиссия Алқасы мүшелерінің, Одақ Соты судьяларының, лауазымды адамдар мен қызметкерлердің еңбек қатынастары осы Шарттың нормаларын ескере отырып, болатын мемлекеттің заңнамасымен реттеледі |
Хаттама жобасы Комиссия болатын мемлекет ретінде Ресей Федерациясы заңнамасының ережелерін ескере отырып, тікелей өзара байланысқан өтпелі ережелер енгізілген, олардың болмауы хаттама жобасында ЕЭО туралы шарт нормаларын қолдану кезінде құқықтық белгісіздік тудыратын және даулы жағдайлардың, соның ішінде сот талқылауларының туындауына әкелуі мүмкін |
|
6 |
53-тармақтың 1 абзацы |
Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын, Одақтың комиссиясы мен сотында жұмыс істеуге дейін федералдық мемлекеттік (Мемлекеттік азаматтық) қызмет лауазымдарын ауыстырған, Одақтың комиссиясы мен сотында атқаратын лауазымдардан босатылған (кінәлі іс-әрекеттерге байланысты босату жағдайларын қоспағанда) және кемінде 15 жыл мемлекеттік азаматтық қызмет өтілі бар, Ресей Федерациясының заңнамасында көзделген тәртіппен федералдық мемлекеттік азаматтық қызметшілер үшін тағайындалатын еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алуға құқығы бар., егер Комиссия мен Одақ Сотынан шығарар алдында олар 12 айдан кем емес лауазымдарын ауыстырса. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы белгілеу туралы ұсынымды (шешімді) Комиссия Алқасы Төрағасының және Одақ Соты Төрағасының ұсынысы бойынша зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру және нормативтік-құқықтық реттеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атқарушы биліктің федералдық органының басшысы қабылдайды. |
Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын, Одақтың комиссиясы мен сотында жұмыс істеуге дейін кез келген кезеңде федералдық мемлекеттік (Мемлекеттік азаматтық) қызмет лауазымдарын ауыстырған, Одақтың комиссиясы мен сотында атқаратын қызметтерден босатылған (кінәлі іс-әрекеттерге байланысты босату жағдайларын қоспағанда) және кемінде 15 жыл мемлекеттік азаматтық қызмет өтілі бар лауазымды адамдар мен одақ сотының қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тағайындалатын еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алуға құқығы бар., федералдық мемлекеттік азаматтық қызметшілер үшін Ресей Федерациясының заңнамасында көзделген жағдайларда, егер Комиссия мен Одақ Сотынан шығарар алдында олар 12 айдан кем емес лауазымдарды ауыстырған болса. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы белгілеу туралы ұсынымды (шешімді) Комиссия Алқасы Төрағасының және Одақ Соты Төрағасының ұсынысы бойынша зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру және нормативтік-құқықтық реттеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атқарушы биліктің федералдық органының басшысы қабылдайды. |
ЕАЭО туралы шарт нормаларын бір мағыналы оқу және зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы Еуразиялық экономикалық комиссияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне Шартта берілген кепілдіктерді нивелирлеу мүмкіндігін болдырмау мақсатында (хаттама жобасында қарастырылған олардың еңбек шарттары (келісім-шарттары) мерзімдерінің өзгеруіне байланысты) Хаттама жобасына сондай-ақ әлеуметтік кепілдіктер туралы Ереженің 53 тармағына өзгеріс енгізетін ереже енгізілген, (ЕАЭО туралы шартқа № 32 қосымша ) және Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алу шартында берілген құқығына қатысты.
|
|
2-бап |
||||
|
7 |
Осы Хаттамаға сәйкес ЕАЭО туралы шартқа енгізілетін өзгерістерге байланысты |
жоқ |
Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттерінің (бұдан әрі – Комиссия) директорлары мен директорларының орынбасарлары, осы Хаттама күшіне енгенге дейін жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) олардың еңбек шарттарында (келісімшарттарында) көзделген мерзімдер аяқталғанға дейін оларға жүктелген міндеттерді орындауды жалғастырады.); комиссия қызметкерлерінің мерзімді еңбек шарты (келісімшарт) талаптарындағы жұмысқа ауысуына байланысты іс-шаралар осы Хаттама күшіне енген күннен бастап 6 ай ішінде Комиссия Алқасының Төрағасы бекітетін тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл ретте жүктілігі және босануы бойынша немесе бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста болған комиссия қызметкерлерінің, сондай-ақ комиссия қызметкерлерінің уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңінде шұғыл еңбек шарты (келісімшарт) жағдайында жұмысқа ауысуына байланысты іс-шаралар аталған демалыстар (кезең) аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.); комиссия қызметкерлерінің еңбек шарттары (келісімшарттары) мерзімінің өзгеруіне байланысты осы Хаттама күшіне енген күнге дейін еңбек шарттарын (келісімшарттарын) жасасқан комиссия қызметкерлерінің мерзімді еңбек шарты (келісімшарты) талаптарымен жұмысқа ауысуы конкурс өткізілмей жүзеге асырылады. |
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 1 тапсырмасын орындау үшін және онда баяндалған тәсілдер негізінде Еуразиялық экономикалық комиссияның кадрлық құрамын қалыптастыруға негізгі тәсілдерді түзету туралы. Бұл ретте, комиссияның кадрлық құрамын қалыптастыру жөніндегі негізгі тәсілдерді түзету жөніндегі бастаманы іске асыру Комиссия болатын мемлекет ретінде Ресей Федерациясы заңнамасының ережелерін ескере отырып, кешенді тәсілді талап ететіндіктен, Хаттама жобасына мұндай бастамамен тікелей өзара байланысты өтпелі ережелер енгізілді, олардың болмауы хаттама жобасында шарт нормаларын қолдану кезінде құқықтық белгісіздік туғызады және даулы жағдайлардың, оның ішінде сот талқылауларының туындауына әкеп соғуы мүмкін. |
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов