"Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 24-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкім жобасы

«Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 24-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

«Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы      24 ақпандағы № 24-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген өкіммен бекітілген Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында:

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасының орынбасары (келісім бойынша);» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);»;

 «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі;» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі;»;

 

көрсетілген өкіммен бекітілген Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережеде:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, ұйымдарымен, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен, жеке кәсіпкерлік субъектілерімен және олардың бірлестіктерімен Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) жұмыс істеу мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 «7. Кеңестің міндеттері мыналар болып табылады:

1) Еуразиялық экономикалық комиссия, Еуразиялық үкіметаралық кеңес, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырыстарына дайындық мәселелері бойынша бірыңғай ұстаным әзірлеу;

2) ЕАЭО жұмыс істеуіне байланысты проблемалық мәселелерді шешу бойынша бірыңғай ұстаным әзірлеу;

3) ЕАЭО жұмыс істеуіне байланысты мәселелерді шешуде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, ұйымдарын, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін, жеке кәсіпкерлік субъектілерін және олардың бірлестіктерін үйлестіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

4) ЕАЭО құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерін қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;

5) Қазақстан Республикасының ЕАЭО-ға мүшелігі жағдайында экономиканы дамыту, өндірісті кеңейту, басқарудың тиімділігі мен                  ғылыми-техникалық прогресті арттыруды ынталандыру, тауар нарықтарында ресурстардың оңтайлы бөлінуін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Мемлекеттік органдардың Кеңес отырысына одан әрі Еуразиялық экономикалық комиссия отырыстарында қарастыруға қатысты бастамашылық ұсыныстарды шығаруы «Еуразиялық экономикалық одаққа қатысу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұстанымын қалыптастыру, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимылы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 703 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.».

 

 

  Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                         Ә. Смайылов

распоряжение
Дата публикации
07 февраля 2022