Жоба
Техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы
1) Комиссия құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
Премьер-Министр Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы __________
№ ___ өкімімен бекітілген
Техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі, төраға;
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция бірінші вице-министрі, төраға орынбасары;
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы, хатшы;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму
вице-министрі (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар
вице-министрі (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
вице-министрі (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары (келісім бойынша).
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы __________
№ ___ өкімімен бекітілген
Техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Комиссияның міндеттері
1) техникалық реттеу және метрология жүйелерін жетілдіру мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу;
2) техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындау бойынша ұсынымдар әзірлеу;
3) техникалық реттеу және метрология саласындағы халықаралық ынтымақтастықты және интеграциялық өзара іс-қимылды дамыту перспективаларын қарау;
4) мемлекеттік органдардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын талдауды жүзеге асыру;
5) техникалық регламенттерді әзірлеу және оларға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар дайындау;
6) салаларда техникалық реттеу және метрология жүйелерін дамыту жөнінде ұсыныстар қалыптастыру;
7) техникалық регламенттер мен стандарттарды енгізу мәселелерін қарау жөнінде ұсыныстар қалыптастыру.
3-тарау. Комиссияның ұйымдастырылуы мен жұмыс тәртібі
Комиссияның төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.
Комиссия мүшелері ерекше пікірін білдіре алады, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде баяндалады және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген Комиссияның есеп-хатына қоса беріледі.
4-тарау. Комиссияның қызметін тоқтату