«Техникалық реттеу туралы»
Қазақстан Республикасының Заңының жобасы
Осы Заң техникалық реттеу саласында өнімдерге, көрсетілетін қызметке, өмірлік цикл процестеріне қойылатын міндетті талаптарды айқындау, белгілеу, қолдану және орындау, сәйкестікті растау, аккредиттеу және мемлекеттік бақылау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында өнiмдердiң, көрсетiлетiн қызметтердiң және процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң құқықтық негiздерiн белгiлейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) қауіпсіздік – зиян келтіру және (немесе) залал келтіру мүмкіндігімен байланысты тәуекелдің болмауы ықтималдығына жол бермеу;
2) өзара байланысты стандарт – техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттар; ол болмаған кезде - НТҚ
3) өнімді айналымға шығару – кәсіпкерлік қызметті өтеусіз немесе өтеулі негізде жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының не Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында тарату мақсатында өнімді жеткізу (өткізу) немесе әкелу (оның ішінде дайындаушының қоймасынан жөнелту немесе қоймалаусыз жөнелту);
4) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі – техникалық реттеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы;
5) сәйкестiк туралы декларация - дайындаушы, импорттаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға және сатушы айналымға шығарылатын өнімнің, процестер мен қызметтердің стандарттау жөніндегі техникалық регламенттерде және (немесе) құжаттарда қамтылған белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;
6) жалпы қауіпсіздік жөніндегі декларация – оған қатысты Кеден одағы шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін өнімнің бірыңғай тізбесіне енгізілмеген өнімге, сондай-ақ Бірыңғай тізбеге енгізілген, бірақ оған қатысты техникалық регламенттер қабылданбаған немесе күшіне енбеген өнімге қатысты дайындаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, сатушы, импорттаушы қабылдайтын құжат;
7) сәйкестiктi ерiктi растау - өтінім берушінің бастамасы бойынша стандартқа және өзге де құжатқа немесе өтініш берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім;
8) дәлел материалдар – өнім үлгілерін іріктеу туралы, сынау, зерттеу және (немесе) өлшеу нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын, оның ішінде фото және бейне тіркеу көмегімен алынған құжаттар, сондай-ақ сәйкестікті бағалау туралы құжаттар және (немесе) сәйкестікті бағалау объектісінің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін растайтын өзге де құжаттар және (немесе) сынақ зертханаларында (орталықтарында) өнімнің бақылау үлгілерінің сақталуын растайтын құжаттар, талап етілетін көрсеткіштер мен параметрлерге қол жеткізу және қажет болған жағдайларда дайындаушының немесе сатушының (жеткізушінің) декларацияны қабылдау құқығы;
9) өнімнің өмірлік циклі - өнімді жобалау, өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату процестері;
10) мүдделi тараптар – қызметі техникалық регламенттерді әзірлеумен тікелей байланысты жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ қатысуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де тұлғалар;
11) өтiнiм берушi – сәйкестікті растау және (немесе) сынақтар жүргізу үшін өнімді, процестерді және көрсетілетін қызметті ұсынған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде жеке тұлға (дайындаушы, импорттаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, сатушы);
12) сәйкестiк белгiсi - өнімнің және көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде және (немесе) ұлттық стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар ету үшін қызмет ететін белгі;
13) дайындаушы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретінде жеке тұлға, оның ішінде сериялық шығарылатын өнімді өндіруді немесе өндіруді және сатуды өз атынан жүзеге асыратын және оның техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігіне жауапты шетелдік дайындаушы;
14) импорттаушы – мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен оның аумағында тіркелген, шетелдік дайындаушымен (сатушымен) өнімді беруге арналған сыртқы сауда шартын жасасқан, осы өнімді одақтың кедендік аумағында айналымға шығаруды және (немесе) оны өткізуді жүзеге асыратын және оның техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігі үшін жауапты болатын Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретінде жеке тұлға;
15) сынақ – сәйкестікті растау шеңберіндегі рәсім не сынақ зертханасы (орталығы) жүргізетін сәйкестікті бағалаудың дербес нысаны, олардың нәтижесі өнім үлгісінің, сәйкестікті бағалаудың өзге объектісінің қасиеттерінің бір немесе бірнеше сандық және (немесе) сапалық сипаттамаларын белгіленген әдістеме бойынша айқындау болып табылады;
16) сынақ зертханасы (орталығы) (бұдан әрi - зертхана) – сынақтарды (зерттеулердi)жүзеге асыратын белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан жұмыс істейтін оның құрылымдық бөлiмшесi;
17) тиісті зертханалық практиканың сәйкестік мониторингі – тиісті зертханалық практика қағидаттарын сақтауды растау мақсатында сынақ зертханаларын мерзімді инспекциялау және (немесе) оларды зерттеу нәтижелерінің аудиті;
18) нормативтік техникалық құжат – техникалық және технологиялық нормаларды қамтитын нормативтік құжат;
19) нотификация – уәкілетті органның аккредиттеу субъектілерін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы, Мемлекеттік мүлік туралы және техникалық реттеу объектілерінің ұлттық әл-ауқат қоры туралы заңнамасына сәйкес импортталатын және (немесе) сатып алынатын сәйкестікті растау саласындағы жұмыстарды орындауға тағайындау рәсімі, олардың өлшемдері уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалатын сынақтар көлемі;
20) мiндеттi сертификаттау – сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың техникалық реттеу объектілерінің техникалық регламенттің талаптарына сәйкестiгiн міндетті растау нысаны;
21) сәйкестiктi мiндеттi растау -өнімнің және жобалау (іздестіруді қоса алғанда), өндіру, құрылыс, монтаждау, жөндеу, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестерінің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін құжаттамалық куәландыру;
22) сәйкестiктi растау жөнiндегi орган - сәйкестiктi растау жөнiндегi қызметті жүзеге асыру үшiн белгiленген тәртiппен аккредиттелген заңды тұлға;
23) сәйкестікті бағалау – техникалық реттеу объектісіне қойылатын талаптардың сақталуын тікелей немесе жанама айқындау;
24) сәйкестiктi растау - нәтижесi объектiнiң техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн құжаттамалық куәландыру (сәйкестiк туралы декларация немесе сәйкестiк сертификаты түрiнде) болып табылатын рәсім;
25) тиісті зертханалық практика қағидаттары– клиникаға дейінгі зертханалық зерттеудің сапасын қамтамасыз етуге, оның ішінде адам денсаулығын сақтау, қоршаған ортаның қауіпсіздігі саласындағы клиникаға дейінгі зертханалық зерттеулерді ұйымдастыру, жоспарлау процестеріне, жүргізу және бақылау тәртібіне, осындай зерттеулердің нәтижелерін ресімдеуге, мұрағаттауға және ұсынуға бағытталған талаптар жүйесі;
26) сатушы – өнімді (оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін (әкелінген) өткізуді (сатуды) жүзеге асыратын және өнімнің сақталуы міндетті техникалық регламенттердің талаптарын сәйкессіздігі үшін жауапты болатын Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер;
27) өнім – материалдық-заттай нысанда ұсынылған және шаруашылық және өзге де мақсатта одан әрі пайдалануға арналған қызмет нәтижесі;
28) процесс - өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң процестерiн қоса алғанда, қандай да бiр тапсырылған нәтижеге жету жөнiндегi өзара байланысты және дәйектi iс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;
29) көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру – Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылық қызметін жүзеге асыратын тұлға ретінде тіркелген көлік құралын жасаушыға жекелеген таным белгілерін бекітіп беру;
30) референтті зертхана – референттік функцияларды орындайтын және мәлімделген дәлдік көрсеткіштерін растайтын аккредиттелген зертхана;
31) референтті қызмет саласы – өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау кезінде референттік зертханалардың референттік функцияларды іске асыруы мақсатында белгіленген зерттеулер (сынақтар) және (немесе) өлшемдер саласы;
32) референтті функция – зертханалық қызмет нәтижелерін объективті бағалау және (немесе) төрелік сынақтарды орындау мақсатында зерттеулердің (сынақтардың) нақтылығы мен нақтылығының ең жоғары деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі референттік зертхананың қызметі;
33) техникалық реттеу мемлекеттік жүйесінің тізілімі (бұдан әрі – техникалық реттеу тізілімі) - техникалық регламенттердің, аккредиттеу субъектілерінің, сәйкестікті бағалау жөніндегі берілген құжаттардың, дайындаушылардың, импорттаушылардың, дайындаушы уәкілеттік берген тұлғалардың, сатушылардың, сарапшы-аудиторлардың, аккредиттеу жөніндегі бағалаушылардың, ұлттық стандарттау жүйесінің, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің және өнімге, процестер мен көрсетілетін қызметтерге арналған техникалық құжаттаманың электрондық тізілімі;
34) қауiп-қатер –залал келтірудің және осы залалдың адамның өмiрiне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, оның iшiнде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiне зиян келтiру ықтималдығының үйлесімі;
35) көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру – Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылық қызметін жүзеге асыратын тұлға ретінде тіркелген көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын бергенін растайтын құжат;
36) сәйкестiк сертификаты –сәйкестікті растау жөніндегі орган берген және өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелерiне сәйкестiгiн куәландыратын құжат;
37) сәйкестiктi растау схемасы - объектiнiң техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн осы жұмысты жүргiзудiң нақты кезеңдерiн (сынау, өндiрiстi бағалау, сапа менеджментi жүйесiн бағалау, нормативтiк және техникалық құжаттаманы талдау және басқалар) сипаттай отырып айқындау тәсiлдерi;
38) техникалық кедергi - техникалық регламенттерде және стандарттарда қамтылатын талаптардың әр түрлiлiгi немесе өзгермелiлiгi салдарынан туындайтын кедергi;
39) техникалық регламент - өнiмдерге және (немесе) олардың өмiрлiк циклiнiң процестерiне қойылатын мiндеттi талаптарды белгiлейтiн, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес әзiрленетiн және қолданылатын нормативтiк құқықтық акт;
40) техникалық реттеу – өнімге немесе өнімге қойылатын талаптармен байланысты жобалау (іздестіруді қоса алғанда), өндіру, салу, монтаждау, баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілеу, қолдану және орындау саласындағы, сондай-ақ сәйкестікті бағалау саласындағы қатынастарды құқықтық реттеу;
41) техникалық хатшылық – көлік құралы типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі, көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті орган айқындайтын ұйым;
42) уәкілетті орган - техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
43) дайындаушы уәкілеттік берген тұлға – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген, дайындаушымен, оның ішінде шетелдік дайындаушымен шарт негізінде өнімнің Қазақстан Республикасының аумағында сәйкестігін бағалау және айналымға шығару кезінде осы дайындаушының атынан іс-қимылды жүзеге асыратын, сондай-ақ өнімнің техникалық регламенттер талаптарына сәйкессіздігі үшін жауапты болатын Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретіндегі жеке тұлға;
44) көрсетілетін қызмет – жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, нәтижелерінің материалдық мәні болмайтын және ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес келетін іс-әрекет;
45) сәйкестiктi растау нысаны - нәтижелерi өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiнiң дәлелi ретiнде қаралатын iс-қимылдардың жиынтығы;
46) сәйкестікті растаужөніндегі сарапшы-аудиторлар – уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен сертификатталған жеке тұлғалар;
47) кері қайтару – айналымға шығарылған техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді қайтаруды қамтамасыз ету бойынша шаралар;
48) алып қою – техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді сатуға жібермеу шаралары;
79) өнімді жою – одан әрі пайдалануды болдырмайтын күйге келтіру;
50) верификациялау органы – тауар шығарылған жер туралы сертификатты беру негізділігін, онда қамтылған мәліметтердің анықтығын, сондай-ақ тауарларды шығарған елді айқындау өлшемшарттарын өндірушілердің орындауын растауға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган;
51) жеткілікті өңдеу (қайта өңдеу) өлшемшарттары – тауарды шығарған елді айқындау өлшемшарттарының бірі, соған сәйкес тауар, егер оны өндіруге екі және одан көп ел қатысса, аумағында тауарға өзіне тән қасиеттерді беру үшін жеткілікті соңғы елеулі өңдеу (қайта өңдеу) жасалған елден шығарылды деп есептеледі;
52) техникалық реттеу ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – техникалық реттеудің ақпараттық жүйесіне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын Интернет желісінде орналастырылған интернет-ресурс;
53) техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі – техникалық реттеу тізілімінде қамтылған мәліметтер мен ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;
2-бап. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы
3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
4-бап. Техникалық реттеудiң негiзгi мақсаттары мен принциптерi
1) өнiмнiң, процестердiң адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта, оның iшiнде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
3) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң қауiпсiздiгiне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын жағдайдың сәйкестігін бағалаудың дұрыстығңын қамтамасыз ету арқылы алдын алу;
4) саудадағы техникалық кедергiлердi жою болып табылады.
1) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң бiрлiгi мен тұтастығы;
2) техникалық регламенттерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын ұйымдардың техникалық регламенттерінде бірыңғай міндетті талаптар белгілеу;
3) бiрыңғай терминологияны, өнiмге, процестерге, көрсетiлетiн қызметке қойылатын талаптарды белгiлеу қағидаларын қолдану;
4) дайындаушы, импорттаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, сатушы өз өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді декларациялау;
5) дайындаушының, импорттаушының,дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның, сатушының техникалық регламенттерге және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес келетін өнімді айналымға шығарғаны үшін жауапкершілігі;
6) техникалық реттеу мақсаттарының орындылығы мен қолжетiмдi болуы, техникалық реттеу процестерiне қатысу үшiн тең мүмкiндiктердi, мемлекет пен мүдделi тараптар мүдделерінің теңгерімiн қамтамасыз ету;
7) отандық және импортталатын өнiмге, процестерге, көрсетiлетiн қызметке және олардың белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсiмдерiне қойылатын талаптардың бiрдей болуы;
8) техникалық регламенттер мен стандарттарды әзiрлеу кезiнде ғылым мен техника жетiстiктерiн, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын басым пайдалану;
9) техникалық регламенттер талаптарының мемлекет экономикасының дамуы, оның материалдық-техникалық базасы және ғылыми-техникалық даму деңгейiне сәйкестігі;
10) мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, техникалық регламенттердiң және олар туралы, оларды әзiрлеу, бекiту, жариялау тәртiбi туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;
11) сәйкестiктi растаудың бiрыңғай жүйесi мен ережелерi;
12) бiр органның аккредиттеу және сәйкестiктi растау жөнiндегi өкiлеттiктердi қоса атқаруын болдырмау;
13) бiр мемлекеттiк органда мемлекеттiк бақылау мен қадағалау және сәйкестiктi растау функцияларының үйлеспеушiлiгi;
14) сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың дайындаушылардан, дайындаушының уәкілетті тұлғалардан және сатушылардан тәуелсiздiгi;
15) сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарда бәсекелестiктiң шектелуiн болдырмау;
16) техникалық регламенттерді тұтас қолдану және орындау;
17) өнімге арналған стандарт болмаған кезде өнімнің айналымға шығаруға жол бермеу;
18) жазалау алдында құқық бұзушылықтың алдын алудың басымдығы (техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді анықтау және оның таралуының жолын кесу бойынша шаралар қолданбау адамның өміріне және (немесе) денсаулығына және (немесе) жануарлар мен өсімдіктердің денсаулығына зиян келтіруге, қоршаған ортаға зиян келтіруге әкеп соғуы мүмкін жағдайларды қоспағанда).
5-бап. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылым
Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымын:
6-бап.Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң техникалық реттеу саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің техникалық реттеу саласындағы құзыретіне:
1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
2) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін құру;
3) техникалық реттеу саласында құқықтық реформаны қамтамасыз ету;
4) өнімнің өмірлік циклі кезеңінде тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті органдарды анықтау;
5) тиісті зертханалық практика принциптерін іске асырудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту;
6) оған Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген басқа функцияларды орындау жатады.
7-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкiлеттi орган мынадай функцияларды орындайды:
Техникалық реттеу саласында:
1) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн құруға қатысады;
2) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;
3) техникалық реттеу саласында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
4) көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу жөніндегі қағиданы бекітеді;
5) көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру қағидасын бекітеді;
6) көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәліктің нысанын бекітеді;
7) тиісті зертханалық практика принциптерін іске асырудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлейді;
8) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды бекітеді;
9) жобалардың және техникалық регламенттердің техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатқа және осы Заңның 4-бап 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкестiгiне талдауды және сараптама жүргiзудi ұйымдастырады;
10) техникалық реттеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың сараптау кеңестерімен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды;
11) сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөнiндегi халықаралық және өңiрлiк ұйымдарда Қазақстан Республикасын білдіреді, сәйкестiктi растау нәтижелерiн өзара тану жөнiндегi жұмыстарға қатысады;
12) техникалық реттеу тізілімін қалыптастыруды және жүргізуді ұйымдастырады;
13) техникалық реттеу тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді
14) Ақпарат орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
15) сәйкестiктi растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және аттестаттау тәртібін бекітеді, сондай-ақ оларға қойылатын рұқсат беру талаптарын бекітеді;
16) сәйкестiктi растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ғылыми орталық қызметтеріне қойылатын талаптарды белгілейді және олардың тізбесін жүргізеді;
17) тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілетті ұйымның қызметіне, тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуына және ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуына уәкілетті органның (ұйымның) қызметіне жыл сайынғы тексеру жүргізу, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындау арқылы бақылауды жүзеге асырады;
18) тауардың шығарылуы туралы, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауарының мәртебесін айқындау туралы сараптау актілерін беруді куәландыру кезінде тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;
19) техникалық реттеу саласында Қазақстан Республикасының заңнамасымен, техникалық регламенттермен, ұлттық стандарттармен белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
20) техникалық реттеу саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тәуекел дәрежесін бағалаудың тексеру парақтары мен критерийлерін әзірлейді және бекітеді;
21) өнімнің қауіпсіздік мониторингін жүргізу қағидасын бекітеді;
22) тиісті зертханалық практика мониторингі органын анықтайды;
23) нотификация жөніндегі органды және нотификация тәртібін анықтайды;
24) өнiмнiң және процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүдделерінде консультациялық-кеңесшi органдар құрады;
25) әзірленген техникалық регламенттерді сараптауды, келісуді, техникалық регламенттердің қолданысын тоқтата тұруды не күшін жоюды келісуді, оның ішінде салалық мемлекеттік органдардың техникалық регламенттердің қолданысын тоқтата тұру не күшін жою мәселелеріне бастамашылық етуді жүзеге асырады;
26) техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібін белгілейді;
27) шығарылатын түпкі өнімнің техникалық реттеу және метрология жүйесінің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан инвестициялық жобаларға (мемлекеттік қолдаумен жүзеге асырылатын) бағалау жүргізуді ұйымдастырады;
28) тауар әкелінетін елдің уәкілетті органдарының сұрау салулары негізінде, тауар шығарылған жер туралы сертификаттарды беру негізділігін, онда қамтылған мәліметтердің анықтығын, сондай-ақ тауарларды шығарған елді айқындау критерийлерін өндірушілердің орындауына тексерулердің жүргізілуін верификациялауды (тексеруді) жүзеге асырады;
29) ақпараттандыру туралы заңнамада белгіленген тәртіпте техникалық реттеу ақпаратты жүйесін әзірлеуді, құруды, сатып алуды және пайдалануды жүзеге асырады;
30) техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін өнімді жою тәртібін бекітеді;
31) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді қайтарып алу және алып қою тәртібін бекітеді;
32) нотификация шеңберінде импортталатын өнімнің тізбесін және оны қалыптастыру өлшемдерін бекітеді;
33) техникалық реттеу саласына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды.
Сәйкестікті бағалау саласында:
4) зертханааралық салыстыру сынақтары (салғастыру) бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
5) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк үлгiнің сәйкестiгін растау саласындағы құжаттарды беру жөніндегі қызметтi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабардар еткен шетелдiк және халықаралық ұйымдардың тiзiлiмiн жүргізеді;
6) көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларды бекітеді;
7) референттік қызметтің қандай да бір саласында референттік зертханаларды тағайындайды;
8) сынақ зертханасына референтті зертхана мәртебесін беру қағидасын бекітеді;
9) міндетті сәйкестікті растауға жататын өнім тізбесін әзірлейді және бекітеді;
10) Кеден одағы шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін, сондай-ақ бірыңғай тізбеге енгізілген, бірақ оған қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері қабылданбаған немесе күшіне енбеген өнімдердің бірыңғай тізбесіне енгізілмеген өнімді айналымға шығару қағидаларын, сондай-ақ жалпы қауіпсіздік жөніндегі декларацияның нысанын бекітеді;
11) Қазақстан Республикасының техникалық регламенттеріне өзара байланысты стандарттардың және нормативтік техникалық құжаттардың тізбесін бекітеді;
12) шағымдарды (апелляцияларды) қарау үшін апелляциялық комиссия құрады;
13) сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестігін бағалау жөніндегі органдардың бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне енгізу (одан алып тастау) туралы шешімдер қабылдау тәртібін белгілейді;
14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
8-бап. Мемлекеттік органдардың техникалық реттеу саласындағы құзыреті
Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде техникалық реттеу саласында:
1) техникалық регламенттерді бекітуді, олардың күшін жоюды, тоқтата тұруды, сондай-ақ уәкілетті органмен келісу бойынша өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерге өзгерістер енгізуді;
2) техникалық регламенттердi немесе техникалық регламенттерге өзгерiстерді және (немесе) толықтыруларды әзiрлеу туралы ұсыныстарды дайындауды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте уәкiлеттi органға енгiзудi;
3) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды;
4) олардың құзыретіне кіретін техникалық реттеу мәселелері жөніндегі сараптау кеңестерін құруды;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік бақылау және қадағалауды;
6) техникалық регламенттерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді және орындауды;
7) салалық құзыретке сәйкес тиісті зертханалық практика принциптерін іске асыру мәселелері бойынша ведомстволық бағдарламаларды әзірлеуді;
8) сынақ зертханаларына Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) тарапынан жаңғыртуға, жарақтандыруға және бағалауға дайындауға жәрдемдесуді;
9) тиісті зертханалық практика саласында ЭЫДҰ талаптарына сәйкес келетін нормативтік-әдістемелік базаны әзірлеуді (әзірлеуге қатысуды);
10) сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен міндетті сәйкестікті растауға жататын өнім жөніндегі зертханаларды құру бойынша ұсыныстар дайындауды;
11) сәйкестікті растау жөніндегі нотификацияланған органдарды және сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнімдер бойынша референттік зертханаларды құру жөнінде ұсыныстар дайындауды және олардың нотификациясы және референттік зертхана мәртебесін беру процесіне қатысуды;
12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9-бап. Стандарттау жөніндегі ұлттық органның техникалық реттеу саласындағы өкілеттіктері
Стандарттау жөніндегі ұлттық орган:
1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
2) техникалық регламенттерді әзірлеуге қатысады;
3) сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысады;
4) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
10-бап. Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сараптау кеңестері
Сараптау кеңесінiң құрамына мемлекеттiк органдардың, стандарттау жөніндегі профильді техникалық комитеттердiң, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, салалық қауымдастықтардың және басқа да мүдделі тұлғалар енуі мүмкін.
11-бап. Техникалық реттеу тізілімі
Техникалық реттеу тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі Техникалық реттеу тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларында айқындалады.
Техникалық реттеу тізіліміне деректерді беру нысандарын, көлемін және кезеңділігін уәкілетті орган белгілейді.
Техникалық реттеу тізілімінің деректеріне қол жеткізуді тіркеуші веб-портал арқылы қамтамасыз етеді.
1) техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы техникалық реттеу тізілімінің деректерін қалыптастыру, жүргізу, беру және сақтау;
2) өтініш берушінің жеке кабинетін ашу;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес техникалық реттеудің ақпараттық жүйесіне енгізілген мәліметтер мен ақпаратты алуға құқығы бар мемлекеттік органдарға мәліметтер мен ақпаратты беру;
4) техникалық реттеудің ақпараттық жүйесін пайдаланушыларға ақылы электрондық қызметтер көрсету;
5) веб-порталда мәліметтер мен ақпаратты жариялау;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функциялар.
12-бап. Ақпарат орталығы
1) қолданылып жүрген немесе әзiрленiп жатқан техникалық регламенттер, ветеринариялық, санитариялық және фитосанитариялық шаралар, стандарттар, оларға енгiзiлетiн өзгерiстер және өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтердің сәйкестiгiн растау рәсiмдерi;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға және стандарттау, сәйкестiктi растау, аккредиттеу, ветеринария, санитария және фитосанитария саласындағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы халықаралық екiжақты және көпжақты сипаттағы шарттарға мүшелiгi немесе қатысуы;
3) әзiрленiп жатқан және қабылданған техникалық регламенттер, стандарттар, ветеринариялық, санитариялық және фитосанитариялық шаралар және өнімнің, көрсетілетін қызметтің сәйкестігін растау рәсімдері жобаларының жариялану көздерi туралы немесе олар жөніндегі ақпарат туралы құжаттардың көшiрмелерi мен ақпаратты беру мақсатында Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Хатшылығымен, Дүниежүзiлiк сауда ұйымына мүшелермен, стандарттау жөніндегі халықаралық және шетелдік ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен құрылады және жұмыс iстейдi.
13-бап. Тиісті зертханалық практика сәйкестігінің мониторинг органы
14-бап. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар
Сәйкестікті растау жөніндегі органдар сәйкестікті міндетті растау мақсаттары үшін аккредиттелген зертханалардың сынақ нәтижелерін пайдалануға тиіс.
1) дайындаушылардың (дайындаушы уәкілеттік берген тұлғалардың, импорттаушылардың, сатушылардың) сәйкестікті міндетті растау және ерікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған өтінімдерін қарайды, сәйкестікті растау үшін ұсынылған өнімді, көрсетілетін қызметті сәйкестендіреді;
2) Өнімді міндетті растау объектілеріне жатқызумен байланысты өнімді сәйкестендіру жөніндегі қорытындыны уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұсынады.
Өнімді бірдейлендіру бойынша даулы мәселелер туындаған жағдайда шағымдар уәкілетті органның құрған апелляциялық комиссиясына беріледі, шешімді сот тәртібінде шағым жасауы мүмкін;
3) сәйкестікті міндетті және ерікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;
4) сәйкестік туралы декларацияны қабылдау үшін қажетті жұмыстарды дайындаушының өтінімі бойынша жүргізеді;
5) сәйкестiктi растау схемасына сай сәйкестiгi мiндеттi растаудан өткен өнiмге инспекциялық бақылау жүргiзедi, оның белгiленген талаптарға сәйкес еместiгi анықталған жағдайда, берiлген сәйкестiк сертификаттарының қолданылуын немесе сәйкестiк туралы декларацияны тiркеудiң қолданылуын уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен тоқтата тұрады немесе олардың күшiн жояды;
6) берілген сәйкестік сертификаттарын және тіркелген сәйкестік туралы декларацияларды есепке алуды жүргізеді;
7) өнімді зерттеу (сынау) және өлшеу нәтижелерінің процесін фото және(немесе) бейне тіркеуді жүргізеді (егер бұл техникалық регламентпен көзделсе).
1) электронды нысанда сәйкестікті растау саласында құжаттарды беру арқылы дайындаушының (орындаушының), сатушының өтiнiмi бойынша аккредиттеу саласы шегiнде объектiлердiң сәйкестiгiн мiндеттi және ерiктi түрде растауды жүргізуге;
2) өтiнiм берушiден сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн қажеттi құжаттардың ұсынылуын сұратуға құқылы.
2) өтінім берушіге қатысты кемсітушілікке жол бермеуге;
3) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен сәйкестік туралы тіркелген декларациялар, берілген, тоқтата тұрған, күші жойылған (тоқтатылған)сәйкестік сертификаттары туралы, сертификаттаудан бас тарту, сынақ хаттамалары туралы деректердің электрондық есебін және оларды беруді жүзеге асыруға;
4) өнiмнің, көрсетiлетiн қызметтің шығарылған еліне қарамастан, өтiнiм берушiнiң коммерциялық мүддесiн құрайтын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге мiндеттi.
15-бап. Зертханалар
1) өзiнiң аккредиттеу саласы шегiнде сәйкестiктi мiндеттi немесе ерiктi растау мақсатында объектiлерге сынақ жүргiзедi;
2) сынақ нәтижелерiнiң дәйектiлiгiн қамтамасыз етедi;
3)уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және нысандар бойынша жұмыс нәтижелерiн ресiмдейдi және бередi;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметтi жүзеге асырады.
16-бап. Нотификациялаушы орган
17-бап. Нотификацияланған орган
Нотификацияланған орган:
1) Техникалық реттеу туралы заңнамада қарастырылған тәртіппен нотификацияланған салаға сәйкес сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру үшін техникалық білімі және жеткілікті тәжірибесі бар персоналдың болуға;
2) техникалық реттеу туралы заңнамада қарастырылған тәртіппен сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметке байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті құралдар мен жабдықтарды иеленуге;
3) сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың қолданылуын тоқтата тұру немесе оның күшін жою, техникалық реттеу туралы заңнамада қарастырылған тәртіппен өз қызметіне қатысты бақылау (қадағалау) органдарынан алынған ақпараттың сұрау салулары туралы нотификациялаушы органды хабардар етуге;
4) өз міндеттерін орындау процесінде алынатын ақпаратқа қатысты құпиялықты сақтауға;
5) тағайындалған өнім (қызмет) санаты шегінде дайындаушылардан (өндірушілерден), пайдаланушылардан және өзге де мүдделі тұлғалардан тәуелсіз болуға;
6) сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметке байланысты міндеттерді орындау кезінде басшылық пен персоналдың бейтараптылығын қамтамасыз етуге;
7) сәйкестікті бағалау рәсімдеріне сәйкес сәйкестікті бағалауды өткізуге;
8) сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметке байланысты міндеттерді орындауға жауапты болуға міндетті.
18-бап. Референттік зертханалар
1) диагностика және талдау әдістері саласында оқудан өткен, өз құзыреті шеңберінде қолданылатын және жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті тиісті жабдықтар мен құзыретті персонал болуға;
2) өз қызметкерлерінің құпия ақпаратты белгілі бір заттарды, нәтижелерді немесе байланыстарды сақтауына кепілдік беру;
3) аккредиттелген зертхана мәртебесін қолдау;
4) жүктелген міндеттерді орындау кезінде басшылық пен персоналдың әділдігін қамтамасыз етуге міндетті.
19-бап. Сәйкестік сертификаты (сәйкестікті бағалау туралы өзге құжат) иесінің, декларацияны қабылдайтын тұлғаның және техникалық реттеу саласындағы өзге де жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері
Өнімді дайындаушы болып табылатын өтінім беруші сериялық өндіріс өнімін және (немесе) өнім партиясын (бір бұйымды) сертификаттауға, өнімді сатушы болып табылатын өтінім беруші тек өнім партиясын (бір бұйымды) сертификаттауға өтінім бере алады.
Сертификаттауға мақсаты бойынша пайдалануға жарамды және тиісті таңбасы және техникалық құжаттамасы бар, өнім туралы қажетті ақпараты бар, сондай-ақ өнімді таңбалауға қойылатын талаптарды анықтайтын техникалық регламенттер бар өнім (отандық және шетелдік өндіріс) жіберіледі.
Сәйкестік сертификатының иесі:
1) өтініш беруші мен сәйкестікті растау жөніндегі орган арасындағы шарттың талаптарына сәйкес сәйкестікті растау жөніндегі орган оған жеткізген тиісті өзгерістерді іске асыруды қоса алғанда, сертификаттау талаптарын тұрақты орындауға;
2) сәйкестікті сертификаттау жүргізілген техникалық регламенттерде белгіленген өнімге қойылатын талаптарды орындауға;
3) инспекциялық бақылауды жүзеге асыратын сәйкестікті растау жөніндегі орган өкілдерінің ұйым аумағына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге және оларға құжаттар мен жазбаларды қарауға ұсынуды, сәйкестік сертификаты иесінің жабдығына, персоналына және қосалқы мердігерлеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуді қоса алғанда, оны жүргізу үшін қажетті барлық жағдайларды жасауға;
4) инспекциялық бақылауды жүзеге асыру кезінде сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың жұмысына бақылаушылардың қатысуына (қажет болған жағдайда) кедергі келтірмеуге;
5) сертификатталған өнімге барлық жарнамалардың (талаптардың) есебін жүргізуге және олар туралы сәйкестікті растау жөніндегі органды дереу хабардар етуге міндетті. Сертификаттау талаптарын сақтауға әсер ететін өнімдерде табылған осындай жарнамаларға (наразылықтарға) және кез келген кемшіліктерге қатысты тиісті шаралар қабылдау және қабылданған әрекеттерді құжаттау;
6) сәйкестікті растау жөніндегі органның беделіне нұқсан келтіруі мүмкін өнімді сертификаттауды пайдаланбауға, сәйкестікті растау жөніндегі орган жаңылыстыратын немесе заңсыз деп санай алатын өз өнімін сертификаттауға қатысты ешқандай мәлімдеме жасамауға;
7) сәйкестік сертификаты тоқтатыла тұрғаннан немесе жойылғаннан кейін сертификаттауға қандай да бір сілтемелері бар барлық жарнамалық материалдарды пайдалануды тоқтатуға және сертификаттау схемасында талап етілетін шараларды қабылдауға; ;
8) сәйкестік сертификаттарының көшірмелерін немесе сәйкестік сертификаттарының түпнұсқасын сәйкестік сертификаттарында көрсетілген өнімді өткізетін заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге беруге;
9) сәйкестік сертификаттарының көшірмелері берілген заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің атауларын көрсете отырып, сәйкестік сертификаттарының көшірмелерін есепке алуды жүргізуге;
10) сәйкестікті растау жөніндегі органды өнімнің, оны өндіру процесінің, басқару жүйесінің (бар болса), өндірістің технологиялық жарақтандырылуының өзгеруі, өндірістік алаңдарды ауыстыру, ұйымдық-құқықтық мәртебесінің немесе меншік нысанының өзгеруі, мекенжайының, байланыс деректерінің өзгеруі туралы хабардар етуге;
11) қажет болған жағдайда, сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде екі ай бұрын сәйкестікті растау жөніндегі органға сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы хат жіберуге міндетті.
Сәйкестік сертификатының иесіне сәйкестік сертификатында көрсетілген техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға жауап бермейтін өнімнің сертификатталған және таңбаланған сәйкестік белгісін бергені (өткізгені) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауапкершілік жүктеледі. Сәйкестік сертификаты түпнұсқасының иесінің сәйкестік сертификатының көшірмелерін беру тәртібін немесе сәйкестік сертификатының түпнұсқасын басқа заңды тұлғаларға немесе жеке кәсіпкерлерге сәйкестік сертификаттарының көшірмелерін ресімдеу үшін беру тәртібін бұзуы сәйкестік сертификатының сәйкестігін растау жөніндегі органның тоқтата тұруына немесе күшін жоюға әкеп соғады. Сәйкестік сертификатының иесі сертификаттауға тек сертификаттау саласына (өнімге, қолданылатын сертификаттау схемасына, техникалық регламенттерге) сәйкес талап қоя алады.
1) сәйкестікті декларациялау кезінде қолданылатын сәйкестікті растаудың кез келген схемасын олардың қолданылу шарттарын ескере отырып, осы сәйкестікті бағалау объектісі үшін көзделген схемалар арасынан таңдауға;
2) Қазақстан Республикасының техникалық регламентінде немесе Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде анықталған сәйкестікті растаудың таңдап алынған схемасын және дәлелдеме материалдарының құрамына қойылатын талаптарды ескере отырып, Ал егер Қазақстан Республикасының техникалық регламенттері немесе Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері болмаған немесе егер дәлелдеме материалдарының құрамы олар анықталмаса, – сәйкестікті растау қағидаларында анықталған сәйкестікті бағалаудың белгілі бір объектісіне қатысты дәлелдеме материалдарының нақты құрамын айқындауға;
3) Егер Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде және Еуразиялық экономикалық одақтың өзге де құқықтарында өзгеше қарастырмаса, сәйкестікті растау жөніндегі органға жазбаша нысанда декларацияны тіркеу туралы өтініш беруге;
4) сәйкестікті растау жөніндегі органға жазбаша нысанда сәйкестік туралы декларацияны тіркеудің қолданылуын тоқтату туралы өтінішті, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне сәйкестік туралы декларацияның қолданылуын тоқтату туралы хабарламаны немесе бірыңғай нысан бойынша сәйкестік туралы декларацияның қолданылуын тоқтату туралы өтінішті беруге;
5) аккредиттеу жөніндегі органға сәйкестікті растау жөніндегі органның іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), ал аккредиттеу жөніндегі органның шешімі болмаған не жауап алмаған немесе оның шешімімен келіспеген жағдайда сотқа шағымдануға құқылы.
Декларацияны қабылдайтын тұлға:
1) Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті растау қағидаларының сәйкестікті декларациялауды жүргізуге және декларацияларды тіркеуге қатысты талаптарын орындауға;
2) өзіне қатысты декларация қабылданған және тіркелген өнімнің Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге;
3) оған қатысты сәйкестікті растау рәсімдері жүргізілген және Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келетін өнімді таңбалау үшін Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне сәйкестік белгісін Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде және Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттарында белгіленген тәртіппен қолдануға;
4) егер бұл өнім декларацияда көрсетілген актілерде (құжаттарда) қамтылған техникалық талаптарға сәйкес келмесе, оған қатысты тіркелген декларация бар өнімді айналымға шығаруды тоқтата тұруға немесе тоқтатуға құқылы.
20-бап. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың құзыреті және оларға қойылатын талаптар
21-бап. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестатынан айыру (қайтарып алу)
Сәйкестікті растау жөніндегі және тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестатынан айыру (кері қайтарып алу) уәкілетті органның, аккредиттеу жөніндегі органның талап-арызы бойынша сот шешімімен мынадай:
1) Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу саласындағы заңнамасын бірнеше рет бұзған не мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне нұқсан келтірген заңнаманы бұзған;
2) сарапшы-аудитордың аттестатты беру үшін негіз болған құжаттарда дәйексіз немесе қасақана бұрмаланған ақпарат беру фактісі анықталған;
3) сарапшы-аудитор аттестатының қолданылуын үш рет тоқтатқан;
4) сарапшы-аудитордың аттестаты негізінде басқа тұлғаның сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау фактісі анықталған жағдайларда жүргізіледі.
22-бап. Тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін анықтау жөніндегі сарапшы ұйымдар мен сарапшы-аудиторлар
2-тарау. Техникалық регламенттер
23-бап. Жалпы ережелер
Ветеринариялық, санитариялық және фитосанитариялық шаралар қажеттілігінің критерийлері, талаптары мен рәсімдері мұндай өнімнің барлық процестерінде зиян келтірудің нақты ғылыми негізделген тәуекел дәрежесіне негізделеді.
Өзара байланысты стандарттарды талдауды және жүйелендіруді Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес стандарттау жөніндегі ұлттық орган жүзеге асырады. Өнімді өндіру кезінде техникалық регламенттерде белгіленген талаптар мен нормалардың орындалуын қамтамасыз ету шартымен өзге де стандарттар пайдаланылуы мүмкін.
24-бап. Техникалық регламенттердің мазмұны
1) оның талаптары қолданылатын өнімдердің, процестердің толық тізбесін;
2) техникалық регламентті қабылдау мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін өнімнің сипаттамаларына, процестерге қойылатын талаптарды қамтуы тиіс.
Техникалық регламентте өнімнің сынамасын іріктеу және сынау ережелері, сәйкестікті растау ережелері мен нысандары (оның ішінде сәйкестікті растау схемалары) және (немесе) терминологияға, орауға, таңбалауға немесе затбелгі жапсыруға және оларды салу ережелеріне қойылатын талаптар болуы мүмкін.
6.Техникалық регламенттерде зиян келтіру тәуекелінің дәрежесін ескере отырып, техникалық реттеу объектілеріне қойылатын арнайы талаптар болуы мүмкін:
1) азаматтардың жекелеген санаттарын (кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, бала емізетін аналар, мүгедектер) қорғауды қамтамасыз ету;
2) егер мұндай талаптардың болмауы климаттық және географиялық ерекшеліктерге байланысты осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға қол жеткізбеуге әкеп соқса, Қазақстан Республикасының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерінде қолданылатын талаптар;
3) техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамның өмірі мен денсаулығына, Қазақстан Республикасының және басқа да шектес мемлекеттердің қоршаған ортасына қатер төндіретін трансшекаралық қауіпті өндірістік объектілерге;
25-бап. Техникалық регламентті әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және күшін жою ерекшеліктері
Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарда көзделмеген бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға жол берілмейді.
1) әзірленетін техникалық регламент қолданылатын өнімнің тізбесі туралы, оның мақсаты және оны әзірлеу қажеттігі туралы хабарлайды;
2) мүдделі тараптар мен шет мемлекеттердің сұрау салуы бойынша әзірленетін техникалық регламент туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді немесе мазмұны халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келмейтін нормаларды көрсете отырып, оның көшірмесін ұсынады.
1) жобаны жария талқылауды ұйымдастырады;
2) алынған ескертулердi есепке ала отырып жобаны пысықтайды және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге орналастырады;
3) техникалық регламенттiң жобасына алынған ескертпелердi мүдделi тараптарға олардың сауал салуы бойынша бередi.
4) қолдану нәтижесінде техникалық регламенттің талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін, өзара байланысты стандарттардың тізбесін, сондай - ақ техникалық регламенттің талаптарын қолдану мен орындау және өнімнің сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттардың тізбесін (бұдан әрі-тізбелер) жасайды, олар техникалық регламенттің жобасына қосымша түрінде ресімделеді.
Қолдану нәтижесінде техникалық регламенттің талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін өзара байланысты стандарттардың тізбесі, техникалық регламенттің талаптары тікелей орындалуы мүмкін болған жағдайда бекітілмейді.
Зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдердің қағидалары мен әдістерін, оның ішінде техникалық регламенттің талаптарын қолдану мен орындау және өнімнің сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттардың тізбесі (бұдан әрі - қағидалар мен әдістерді қамтитын стандарттар тізбесі), техникалық регламентте сәйкестікті бағалауды жүргізу туралы талаптар болмаған не болмаса техникалық регламенттің талаптарына сәйкестікті бағалау зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдерді жүргізбей жүзеге асырылуы мүмкін жағдайларда бекітілмейді.
Қағидалар мен әдістерді қамтитын стандарттар тізбесіне ұлттық стандарттар және (немесе) мемлекетаралық стандарттар, ал олар болмаған жағдайда өнімнің сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін міндетті болып табылатын өлшемдерді орындау әдістемесі енгізіледі.
Қағидалар мен әдістерді, ұлттық стандартты және (немесе) мемлекетаралық стандартты қамтитын стандарттар тізбесінде, ал олар болмаған жағдайда техникалық регламенттің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті өлшемдерді орындау әдістемесі болмаған жағдайда, техникалық регламенттің тиісті талабы тиісті ұлттық стандарт және (немесе) мемлекетаралық стандарттар, ал олар болмаған жағдайда өлшемдерді орындау әдістемесі ережелер мен әдістерді қамтитын стандарттар тізбесіне енгізілгеннен кейін ғана күшіне енеді.
Қабылданған техникалық регламент туралы хабарлама ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымының Хатшылығына жіберілуге тиіс.
3-тарау. Сәйкестікті бағалау
26-бап. Сәйкестікті бағалаудың мақсаттары мен принциптері
1) ішкі және сыртқы нарықтардағы өнімдердің, жұмыстардың және қызметтердің сапасына қол жеткізу жолымен бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
2) өнімнің дұрыстығын, қадағалануын қамтамасыз ету;
3) қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сатып алушыларға, оның ішінде тұтынушыларға өнімді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді білікті таңдауда жәрдемдесу болып табылады.
1) сәйкестікті бағалау саласындағы халықаралық және мемлекетаралық (өңірлік) тәсілдермен үйлестіру;
2) отандық және шетелдік сәйкестікті бағалау объектілерінің сәйкестігін бағалау рәсімдерінің сәйкестігін қамтамасыз ету;
3) сәйкестікті бағалау рәсімдерінің ашықтығы, қолжетімділігі және өтелімділігі болып табылады.
27-бап. Сәйкестікті бағалау нысандары мен объектілері
1) сәйкестікті растау;
2) егер сынақ техникалық регламент бойынша сәйкестікті бағалаудың өзіндік нысаны болып табылса, сынақ түрінде жүргізіледі.
28-бап. Сәйкестікті бағалау жөніндегі құжаттар және сәйкестікті бағалау саласындағы өзге де құжаттар
Сәйкестікті бағалау жөніндегі құжаттарға:
1) сәйкестік сертификаты;
2) сәйкестік туралы декларация;
3) егер сынақ техникалық регламентке сәйкес сәйкестікті бағалаудың өзіндік нысаны болып табылса, сынақ хаттамасы;
4) тіркеу (мемлекеттік тіркеу), сынау, сараптама және (немесе) өзге де нысанда техникалық регламенттерде және ұлттық стандарттарда белгіленген өзге де құжаттар жатады.
27-бап. Өнімнің, процестер мен қызметтердің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау
медициналық бұйымдардан басқа) және процестер сәйкестікті растау объектілері болып табылады.
сертификаттау Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
1) сәйкестік туралы декларацияны қабылдау нысанында өнімді өндіруші;
2) сәйкестікті растау жөніндегі орган өтініш берушінің, оның ішінде тұтынушының бастамасы бойынша сертификаттауды жүргізу және сәйкестік сертификатын беру нысанында жүзеге асырады.
30-бап. Сәйкестікті міндетті растау
1) дайындаушы кәсiпорынның сәйкестiк туралы декларация қабылдауы;
2) міндетті сертификаттау жүргізу нысанында жүзеге асырылады.
Өнімді сәйкестендіру мақсатында ұйым стандарттарын қолдануға жол беріледі, бірақ ұйым стандарттары сәйкестікті міндетті растау рәсімдерін жүргізу үшін қолданылмайды.
Өнімнің сәйкестігін міндетті түрде растау кезінде техникалық сарапшылар тартылуы мүмкін.
31-бап. Көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру
4.Ұсынылған құжаттар толық болмаған және (немесе) олар көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, техникалық хатшылық жазбаша дәлелді бас тартуды қоса бере отырып, ұсынылған құжаттарды күнтізбелік он бес күн ішінде сәйкестікті растау жөніндегі органға қайтарады.
32-бап. Көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды бекіту және тіркеу
33-бап. Көлік құралдарын дайындаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру
34-бап. Сәйкестікті растау саласындағы өнімді дайындаушылардың, импорттаушылардың, дайындаушы уәкілеттік берген адамдардың, сатушылардың құқықтары мен міндеттері
1) техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға осы өнім үшін көзделген сәйкестікті растау нысаны мен схемасын таңдауға;
2) аккредиттеу саласы мәлімделген өнімге қолданылатын сәйкестікті растау жөніндегі кез келген органға жүгінуге;
3) егер бұл сәйкестікті растаудың таңдалған схемасында көзделсе, сәйкестікті міндетті растаудан өткен өнімге сәйкестік белгісін қолдануға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестікті және аккредиттелген зертханаларды растау жөніндегі органдардың заңсыз әрекеттеріне арналған шағыммен уәкілетті органға жүгінуге;
5) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы.
1) техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға өнімнің сәйкестігін қамтамасыз ету;
2) өнім сәйкестігін растауды өткізуді қамтамасыз ету;
3) егер бұл сәйкестікті растаудың таңдалған схемасында көзделсе, сәйкестікті растаудан өткен өнімге инспекциялық бақылау жүргізу үшін шарттарды қамтамасыз ету;
4) сәйкестікті растағаннан кейін ғана өнімді өткізу;
5) мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға қажетті ақпаратты, сәйкестік сертификаттарын (олардың көшірмелерін), өнімнің сәйкестігі туралы декларацияны (олардың көшірмелерін), басқа да дәлелдеме материалдарды беру;
6) ілеспе құжаттамада сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация туралы мәліметтерді көрсету;
7) егер сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларацияның қолданылу мерзімі аяқталса не болмаса сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларацияның қолданылуы тоқтатыла тұрса, күші жойылса немесе тоқтатылса, өнімді өткізуді тоқтата тұру немесе тоқтату;
8) сертификатталған өнімді өндірудің техникалық құжаттамасына немесе технологиялық процестеріне енгізілетін өзгерістер туралы сәйкестікті растау жөніндегі органға хабарлау;
9) сәйкестікті растау нәтижелері бойынша техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді өндіруді (әкелуді) тоқтата тұру;
10) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді кері қайтарып алуды қамтамасыз ету.
35-бап. Сәйкестік сертификаты
Сәйкестік сертификатының иесі дайындаушы, импорттаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, сатушы болып табылады.
36-бап. Сәйкестік белгісі
37-бап. Сәйкестік туралы декларация
Сәйкестік туралы декларацияның иесі дайындаушы, импорттаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, сатушы болып табылады
4.Өнімнің сәйкестігі туралы декларация сәйкестікті растау жөніндегі органда тіркеуге жатады, оның аккредиттеу саласы өнімнің осы түрін қамтиды.
1) жеке дәлелдемелер негізінде сәйкестік туралы декларацияны қабылдауда;
2) сәйкестікті растау жөніндегі органның қатысуымен алынған дәлелдемелер негізінде сәйкестік туралы декларацияны қабылдау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Сәйкестікті растау үшін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін құжаттардың тізбесі тиісті техникалық регламентте айқындалады. Дәлелдемелер ретінде өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін негіз болған техникалық құжаттама, меншікті зерттеулер (сынаулар) мен өлшемдердің нәтижелері және (немесе) басқа да құжаттар пайдаланылады.
Өз дәлелдері мен сәйкестікті растау жөніндегі органның қатысуымен алынған дәлелдері негізінде сәйкестікті декларациялау кезінде өтінім беруші өз дәлелдемелеріне қосымша өз қалауы бойынша зертханада жүргізілген зерттеулер (сынаулар) мен өлшемдердің хаттамаларын пайдалануға, сапа менеджменті жүйесінің сертификатын ұсынуға құқылы.
Егер осындай өнім үшін техникалық регламенттерде сәйкестікті растаудың өзге нысаны көзделген жағдайды қоспағанда, сапа менеджменті жүйесінің сертификаты өнімнің сәйкестігі туралы декларацияны қабылдау кезінде дәлелдемелер құрамында пайдаланылуы мүмкін.
38-бап. Сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнімнің нарықтағы айналым шарттары
Міндетті сертификаттауға жататын және Қазақстан Республикасында одан өтпеген өнімдерді жарнамалауға рұқсат етілмейді.
39-бап. Сәйкестікті ерікті растау
1.Сәйкестікті ерікті растау ерікті сертификаттау нысанында жүргізіледі.
3.Сәйкестікті ерікті түрде растау кезінде өтінім беруші сәйкестігіне ерікті сертификаттау жүргізілетін техникалық талаптарды дербес таңдайды және ерікті сертификаттау кезінде бақыланатын көрсеткіштердің номенклатурасын айқындайды.
Ерікті сертификаттау жүйесін құрған тұлға немесе тұлғалар сертификаттауға жататын объектілердің тізбесін және оларға сәйкес ерікті сертификаттау жүзеге асырылатын олардың сипаттамаларын белгілейді, осы ерікті сертификаттау жүйесінің қатысушыларын анықтайды. Ерікті сертификаттау жүйесі сәйкестік белгісін қолдануды қарастыруы мүмкін.
40-бап. Қызметтердің сәйкестігін бағалау
41-бап. Өнімді сынау
1) өнім үлгісінің, сәйкестікті бағалаудың өзге де объектісінің қасиеттерінің сипаттамаларын анықтау;
2) егер сынаулар сәйкестікті растау шеңберінде рәсім болып табылса, сәйкестікті растауды жүргізуді қамтамасыз ету;
3) егер сынақтар сәйкестікті бағалаудың дербес нысаны болып табылса, осы Заңның 23-бабының 1-тармағында көрсетілген өзге де мақсаттар болып табылады.
2) сынақ нәтижелерінің дұрыстығы, сынақтарды жүргізу кезіндегі бейтараптылық;
2) егер сынақтар сәйкестікті бағалаудың дербес нысаны болып табылса, осы Заңның 23-бабының 2-тармағында көрсетілген өзге де қағидаттар болып табылады.
42-бап. Шет мемлекеттердің сәйкестігін растау нәтижелерін тану
2.Осы баптың ережелері халықаралық мамандандырылған көрме аумағын көрмеден кейін пайдалануға, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтар аумағында жобаларды іске асыруға арналған тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге қатысты шетелдік сәйкестік сертификаттарына, сынақ хаттамаларына, сәйкестік белгілеріне және сәйкестікті растау саласындағы өзге де құжаттарға қолданылмайды.
43-бап. Сәйкестікті бағалау туралы берілген құжаттардың, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және сынақ зертханаларының тізілімдері
4-тарау. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
44-бап. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
1) сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар және аккредиттеу жөніндегі бағалаушы;
2) аккредиттеу субъектілері;
3) тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сараптау ұйымы және сарапшы-аудиторлар;
5) тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге және ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау туралы сертификатты беруге уәкілетті ұйым;
6) жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, дайындаушылар, импорттаушылар, сатушылар, дайындаушылар уәкілеттік берген тұлғалар болып табылады.
45-бап. Өнім қауіпсіздігінің мониторингі
1) камералдық бақылау жүргізу;
2) зертханаларда сынақ жүргізу үшін өнімнің сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу арқылы жүзеге асырылады.
1) мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері, мемлекеттік және өзге де органдар мен ұйымдар ұсынған мәліметтерді зерделеу және талдау;
2) техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінен және басқа да ақпараттық жүйелерден алынған ақпараттар мен мәліметтер;
3) бұқаралық ақпарат құралдарынан, интернет-ресурстардан алынған ақпараттар мен мәліметтер, жеке және заңды тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің өтініштері негізінде жүзеге асырылады.
3.Камералдық бақылау мен қадағалауды уәкілетті орган тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-і күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
Төменде атап өтілген тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда тапсырылған болып есептеледі:
1) қолма-қол – алу туралы ұсынымға белгі қойған күннен бастап;
2) поштамен – тапсырыс хатпен;
3) электрондық тәсілмен – уәкілетті орган сұрау салған кезде уәкілетті орган хатта көрсетілген бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына жіберген күннен бастап жүзеге асырылады.
46-бап. Мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы - уәкілетті органның және уәкілетті орган ведомствосының басшысы;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары - уәкілетті органның және уәкілетті орган ведомствосы басшысының орынбасарлары;
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас аумақтық мемлекеттік инспекторлары - уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің басшылары;
4) мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас аумақтық мемлекеттік инспекторлардың орынбасарлары – уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары;
5) мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар – уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мамандары кіреді.
1) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан техникалық реттеу, аккедиттеу саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) мемлекеттік бақылау және қадағалау мақсатында баруға;
2) жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке кәсіпкерлерден Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді алуға;
3) өнімді өткізу сатысында, егер мұндай құжаттарды қолдану тиісті техникалық регламенттерде көзделген болса, дайындаушылардың, импорттаушылардың, сатушылардың және дайындаушы уәкілеттік берген тұлғалардың өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды немесе олардың көшірмелерін қағаз және (немесе) электрондық түрде көрсетуін талап етуге;
4) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасы талаптарының бұзылуын жою туралы ұсынымдар, нұсқамалар беруге;
5) техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді өткізетін тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа тартуға;
6) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын бұзу фактілерін қарау үшін аумақтық органдарға жеке, лауазымды және заңды тұлғаларды шақыруға;
7) техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін өнімді алып қоюға;
8) зертханаларда мемлекеттік бақылау және қадағалау мақсаттары үшін өнімнің сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеуді, оның ішінде өндірушіні, импорттаушыны, сатушыны, дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаны хабардар етпей жүргізуге:
өнім техникалық регламенттерде, стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда жұмсалған үлгілердің құнын және сынақ (талдау, өлшеу) жүргізуге арналған шығындарды бюджет қаражаты есебіне жатқыза отырып;
өнім техникалық регламенттерде, стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, жұмсалған үлгілердің құнын және сынақ (талдау, өлшеу) жүргізуге арналған шығындарды тексерілетін тұлғалардың есебіне жатқыза отырып;
9) зертханаларда мемлекеттік бақылау және қадағалау мақсаттары үшін іріктелген өнім сынамаларына және (немесе) үлгілеріне сынақтар жүргізу кезінде қатысуға;
10) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді әкелуге, әкетуге, транзитке және айналымға шығаруға тыйым салуға;
11) сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың қолданылуын тоқтата тұруға немесе күшін жоюға;
10) мемлекеттік органдарға техникалық реттеу объектілерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына, техникалық регламенттер мен стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес келтіру туралы талаптар қоюға;
11) жеке, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер техникалық реттеу саласындағы лауазымды тұлғалар берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, қаулыларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгінуге;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқығы бар.
47-бап. Мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың міндеттері
Мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар:
1) мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі іс-шаралар барысында Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын қолдану жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, дайындаушыларды, импорттаушыларды, сатушыларды және дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаларды қолданыстағы техникалық регламенттер туралы хабардар етуге;
2) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртібін сақтауға;
4) жүргізілген мемлекеттік бақылау мен қадағалау нәтижелері негізінде анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
48-бап. Мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
Мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасалуы мүмкін.
49-бап. Мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларды қорғау шаралары
Мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың немесе олардың жақын туыстарының, егер мұндай жағдайлар олардың лауазымдық міндеттерін атқарумен байланысты болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге құқығы бар.
50-бап. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі жауапкершілігі
51-бап. Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу саласындағы заңнамасын сақтамағаны үшін жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің жауапкершілігі
52-бап. Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді жою
Жоюға жататын өнім экологиялық заңнамада, Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы, азаматтық қорғау туралы және техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптар сақтала отырып кәдеге жаратылуы және қайта өңделуі немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс әкетілуі мүмкін.
5-тарау. Қорытынды ережелер
53-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1) «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 724-мақ.; 2003 ж., № 12, 82-мақ.);
2) «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі № 306 Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17 (2498), 138-мақ.).
|
Қазақстан Республикасының Президенті |