«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 Жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
салыстырмалы кесте
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
орталық аппараттың функцияларында:
34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«34) сауда қызметін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 61-1) тармақшамен толықтырылсын:
«61-1) Маркетинг желiсi, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсiлдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауда тәртібін айқындау;».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин