2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы ұсынысты Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы ұсыныс Қазақстан Республикасының Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А.Ұ. Маминге
«2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы ұсынысты Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
түсіндірме жазба
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі.
Жоба «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес және «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 29 қазандағы № 17 өкімін, «Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары туралы» Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 12 шешімін орындау мақсатында әзірленді.
Жобаны қабылдау республикалық бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға алып келмейді.
Жоба 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді және тұтастай алғанда, құқық қолдану практикасы барысында анықталған құқықтық реттеудегі олқылықтарды жоюға, Шартта пайдаланылатын терминологияның біркелкілігіне келтіруге бағытталған, Еуразиялық экономикалық комиссияға бірқатар өкілеттіктер беру және Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының іс-шараларын іске асыру (Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 12 шешімін бекітілген).
Жобаны қабылдау Еуразиялық экономикалық одақтың толық форматты интеграциялық бірлестік ретінде жан-жақты дамуы мен нығаюын қамтамасыз етуге, Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы құқығындағы бар олқылықтарды жоюға мүмкіндік береді.
Жоқ.
Жоқ.
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы»
2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес Хаттама ратификациялануға жатады.
Рұқсат етіледі.
Жоба Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында 2021 жылғы , сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz ) 2021 жылғы орналастырылған. Байт саны: КБ.
Талап етілмейді.
Сәйкес келеді.
Талап етілмейді.
Талап етілмейді.
Жоба бойынша 2021 жылғы 21 маусымдағы № 09-8/297 ғылыми-құқықтық сараптаманың және 2021 жылғы 16 қарашадағы № 11-3/1038 ғылыми-лингвистикалық сараптаманың қорытындылары бар.
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов