«Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 24-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі, төрағаның орынбасары;»;
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Департамент директоры, хатшы;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Департамент директоры, хатшы;»;
«Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыштық өнеркәсіп вице-министрі;»;
«Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі;» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі;»;
көрсетілген өкіммен бекітілген Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережеде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі болып табылады.».
Премьер-Министр А. Мамин