«Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 633 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларында, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарда:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 2-8-тармағына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс), «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы», «Техникалық реттеу туралы», «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сауда базарларының қызметін ұйымдастыру тәртібін, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарды айқындайды.
Осы Қағидалар сауда базарының барлық субъектiлерiне қолданылады.»
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин