«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларымен марапаттау (ведомстволық наградаларынан айыру) қағидаларында:
«3 Ведомстволық наградалармен марапаттау негіздері» 3-бөлімде:
82-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«82-1. «Құрметті метролог» төсбелгісімен өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мамандар, сондай-ақ өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан өзге де адамдар заңнамалық және нормативтік негіздерді әзірлегені, көп жылдық және жемісті жұмысы, оқу процесінде қазіргі заманғы педагогикалық және практикалық жетістіктерді тиімді пайдаланғаны, кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыруды едәуір жақсартқаны, метрология саласында лайықты беделге қол жеткізгені үшін наградталады.»;
мынадай мазмұндағы «Құрметті стандарттаушы» төсбелгісі» деген кіші бөліммен және 82-3-тармақпен толықтырылсын:
«82-3. «Құрметті стандарттаушы» төсбелгісімен стандарттау саласындағы жоғары кәсіби қызметкерлер, сондай-ақ ұлттық стандарттау жүйесін дамытуға дербес зор үлес қосқан өзге де адамдар техникалық реттеу саласындағы заңнамалық және нормативтік негіздерді әзірлегені, көп жылдық және жемісті жұмысы, кәсіби қызметте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені, ерекше сіңірген еңбегі және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін марапатталады.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесінде және сипаттамаларында:
«1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесі» бөлімінде:
«Төсбелгілер» кіші бөлімінде:
12-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) «Құрметті метролог»;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) «Құрметті стандарттаушы».»;
«2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының сипаттамалары» бөлімінде:
47-4-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
«Құрметті метролог» төсбелгісі» диаметрі 35 мм шеңбер нысанында жезден дайындалады.
Медальдің бет жағында ортада күліңгір түстес аббревиатурамен ҚС (Қазақстан сапасы) деген элемент орналасқан. Айналдыра жоғарғы бөлігінде «Құрметті метролог», төменгі бөлігінде қазақы ою-өрнек пен шығыңқы жиек ойылған.
Төсбелгінің сыртқы жағының ортасында Қазақстанның бедерлі-шығыңқы күліңгір түстес картасы орналасқан, жоғарғы бөлігінде «Метрология саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» деген қазақша сөздер және төменгі бөлігінде сериялық нөмірі ойылып жазылған.
Төсбелгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 30 мм және биіктігі 25 мм көгілдір түсті қатқыл жібек таспамен қапталған төрт бұрышты тағанға жалғанады, киімге визорлық бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.»;
мынадай мазмұндағы кіші бөліммен және тараумен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің төсбелгілері»;
«Құрметті стандарттаушы» (47-9-қосымша).
«Құрметті стандарттаушы» төсбелгісі» диаметрі 35 мм шеңбер нысанында жезден дайындалады.
Медальдің бет жағында ортада күліңгір түстес аббревиатурамен ҚС (Қазақстан сапасы) деген элемент орналасқан. Айналдыра жоғарғы бөлігінде «Құрметті стандарттаушы», төменгі бөлігінде қазақы ою-өрнек пен шығыңқы жиек ойылған.
Төсбелгінің сыртқы жағының ортасында Қазақстанның бедерлі-шығыңқы күліңгір түстес картасы орналасқан, жоғарғы бөлігінде «Стандарттау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» деген қазақша сөздер және төменгі бөлігінде сериялық нөмірі ойылып жазылған.
Төсбелгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 30 мм және биіктігі 25 мм көгілдір түсті қатқыл жібек таспамен қапталған төрт бұрышты тағанға жалғанады, киімге визорлық бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.»;
47-4-сипаттамаларға қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 47-9-сипаттамаларға қосымшамен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин