"«2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 908 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасы

 

 

 «2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 908 қаулысына толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 908 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 46-қосымшада:

мынадай мазмұндағы реттік нөмір 87-жолмен толықтырылсын:

«

87

2020 жылы Нұр-сұлтан қаласында ДСҰ 12-ші министрлік конференциясын өткізу

Министрлік конференциясы шеңберінде кемінде 10 қатар өткізілетін іс-шараларды (бизнес-форум, неғұрлым аз дамыған елдердің конференциясы, теңізге шыға алмайтын дамушы елдердің Конференциясы, Дүниежүзілік экономикалық форумның іс-шаралары, UNCTAD, ITC, ДСҰ-ға қосылу жөніндегі дөңгелек үстел және т.б.) өткізу болжанып отыр, сондай-ақ жекелеген мемлекеттердің басшылары, ДСҰ-ға 164 мүше және 20 бақылаушы елдің сауда министрлері қатысады, қатысушылардың жалпы саны бес мың адамнан асады.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

«QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы» АҚ

001 «Ішкі және сыртқы сауда саясатын қалыптастыру және іске асыру, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, техникалық реттеу, стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету, шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру»

100 «Ішкі және сыртқы сауда саясатын қалыптастыру және іске асыру, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, техникалық реттеу, стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету, шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламалары

2850000

».

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының
      
Премьер-Министрі                                                           А. Мамин

 

 «2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»

Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 908 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына салыстырма кесте                                                                                   

№  р/с

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

2020 жылға арналған мемлекеттік тапсырмалар тізбесі

1

46-қоысмша 87 жаңа тармақ

жоқ

87

2020 жылы Нұр-сұлтан қаласында ДСҰ 12-ші министрлік конференциясын өткізу

Министрлік конференциясы шеңберінде кемінде 10 қатар өткізілетін іс-шараларды (бизнес-форум, неғұрлым аз дамыған елдердің конференциясы, теңізге шыға алмайтын дамушы елдердің Конференциясы, Дүниежүзілік экономикалық форумның іс-шаралары, UNCTAD, ITC, ДСҰ-ға қосылу жөніндегі дөңгелек үстел және т.б.) өткізу болжанып отыр, сондай-ақ жекелеген мемлекеттердің басшылары, ДСҰ-ға 164 мүше және 20 бақылаушы елдің сауда министрлері қатысады, қатысушылардың жалпы саны бес мың адамнан асады.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

«QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы» АҚ

001 «Ішкі және сыртқы сауда саясатын қалыптастыру және іске асыру, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, техникалық реттеу, стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету, шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру» және 100 «Ішкі және сыртқы сауда саясатын қалыптастыру және іске асыру, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, техникалық реттеу, стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету, шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламалары

2850000

Республикалық бюджет комиссиясының 2020 жылғы 4 ақпандағы №2 хаттамасына сәйкес «2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы «Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы №908 қаулысына толықтыру енгізу туралы» жобасының 2020 жылға арналған мемлекеттік тапсырмалар тізбесіне Нұр-сұлтан қаласында ДСҰ-ның 12 - ші министрлік конференциясын (бұдан әрі-МК-12) өткізу жөніндегі іс-шараны қосу жобасы енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Ж. Тоқаевтың 2019 жылғы 21 мамырдағы № 19-1893 тапсырмасымен «Астана ЭКСПО-2017 «Ұлттық компаниясы»АҚ-ның негізгі және техникалық орындаушысы және бюджет операторы ретінде анықталды.

Уақтылы орындамау қаупіне байланысты осы іс-шараны жүргізу, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қысқа мерзімде өзгерістер енгізу қажет..

                     

 

 

         Жауапты хатшы                                                                       Ж. Нөпіров

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

А.Ұ. Маминге

 

 

«2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 908 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына түсіндірме жазба

  1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі.

  1. Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздеріне сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздер

Республикалық бюджет комиссиясының 2020 жылғы 4 ақпандағы №2 хаттамасына сәйкес «2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы №908 қаулысына толықтыру енгізу туралы» жобасының 2020 жылға арналған мемлекеттік тапсырмалар тізбесіне Нұр-сұлтан қаласында ДСҰ-ның 12 - ші министрлік конференциясын (бұдан әрі-МК-12) өткізу жөніндегі іс-шараны қосу жобасы енгізіледі.

  1. Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай– ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп айырысулар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Жобаны іске асыру «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес қаржылық шығындарды талап етеді. 2 850 000 мың теңге сомасына 001 «Ішкі және сыртқы сауда саясатын қалыптастыру және іске асыру, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, техникалық реттеу, стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету, шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру» және 100 «Ішкі және сыртқы сауда саясатын қалыптастыру және іске асыру, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, техникалық реттеу, стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету, шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламалары бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР КжКМ бюджеті шеңберінде шығыстар көзделген.

  1. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын салдарлар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтiк-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларды көздемейді.

  1. Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

«12-МК Еуразиялық аймақтағы ДСҰ-ның бірінші Министрлік конференциясы болады. Мұндай іс-шараны Нұрсұлтан қаласында өткізу Қазақстанның Орталық Азия өңірінің көшбасшысы ретіндегі ұстанымын нығайтатын маңызды оқиға болып табылады.

Халықаралық сауда ережелерін қалыптастырудағы біздің мемлекеттің үлесі мен дауысы тұрғысынан бүкіл әлемдік қоғамдастықтың назарын аудартады.

Жеке мемлекеттердің басшылары, сауда министрлері ДСҰ-ның 164 мүшесі және 20 бақылаушы қатысады, ал қатысушылардың жалпы саны бес мың адамнан асады деп күтілуде. Елге, сондай-ақ мемлекеттік қазынаға осы іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге тартылған жеке сектордың салық аударымдары арқылы шетелдік ақша қаражаты ағыны күтілуде.

  1. Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

«2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы            № 908 қаулысы».

  1. Қабылданған жағдайда заңнаманы енгізілетін жобаға сәйкес келтіру қажеттілігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетіндігін көрсету) не мұндай қажеттіліктің болмауы

Талап етілмейді               

  1. Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттігі туралы ақпарат

Талап етілмейді.

  1. Мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, Кеңсе Басшысының және Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32 қбпү22п-қбпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» акпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес ақпараттық жүйесінде жобаларды және оларға материалдарды «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына беру мүмкіндігі

Рұқсат етіледі.

  1. Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)

Қаулы жобасы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің mti.gov.kz интернет-ресурс сайтында  2020 жылғы 2 наурызда жарияланған, сондай-ақ egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілер порталында 2020 жылы                            2 наурызда 400 Кбайт жарияланған.

  1. Тауарлар саудасына, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз –релизі

Талап етілмейді.

  1. Қаулы жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Сәйкес келеді.

  1. Үкімет актісінің қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының төмендеуін және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп айырысу нәтижелері

Талап етілмейді.

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеу себептерінің негіздемесі

Талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының

Сауда және интеграция министрі                                Б. Сұлтанов

2020 жылғы «___» _________

 

 

 

 

ҚР ҮҚ
Дата публикации
02 марта 2020